Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Баланың субмәдениеті және баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік әлемі



бет119/140
Дата08.11.2023
өлшемі1,15 Mb.
#190205
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   140
Байланысты:
Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі-emirsaba.org

17.3. Баланың субмәдениеті және баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік әлемі
Адамның девиантты іс-қимылын қалыптастыратын түрлі теориялар бар:


  • биологиялық–адамның сыртқы келбетінің тәртіп бұзушылыққа бейімділігі (Ломбразо, Шелдон);


  • психологиялық–адам психикасының негізінде жасалатын шиеленісуге, құқықбұзушылыққа бейімділік (Фрейд);


  • әлеуметтік - адамның девиантты іс-қимылы теріс әлеуметтік тәжірибені игеру нәтижесінде, тәрбие мен орта қайшылығынан пайда болады және т.б. (Дюркгейм, Мертон Миллер және т.б.).

Түрлі теорияларды талдау барысында биологиялық және психологиялық теориялар тұлғаның ерекшелігін және оның девиантты дамуы мен тәрбиесіне ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді. Олардың бойында дүниеге келгеннен бергі уақытта зорлық, өктемдік бастаулар орын алады және құқық бұзуға бейім болады. Бірақ адамның құқық бұзуға бейімділігі тек жағымсыз өмірлік жағдайларда және тәрбиеде жүзеге асады, сөйтіп тұлға дамуының негізін анықтап, келешекте теріс (девиантта немесе деликвентті) іс-қимылға ұшыратады.


Адам іс-қимылының ауытқу негізінде биопсихологиялық сипаттар жатыр, әлеуметтік үдеріс пен оның нәтижесі, жағымсыз әлеуметтік іс-қимыл тәжірибесі, тұлғаның теріс бағыты (қызығушылықтары, қажеттері, мотивтері, мақсаттары мен мұ-раттары), теріс әдеттері және соған лайық (жағымсыз бағыттар мен теріс әдеттер), жағымды сезімі (іштей қанағаттануы), әлеуметтікке қайшы, әдепсіз іс-қимыл, әрекеттер мен істер орын алады.
Адам біртіндеп девиантты болады. Девиантты іс-қимылдың негізгі кезеңдері: әлеуметтік қалыптар мен тұлға арасындағы қайшылықтардың пайда болуы; баланың әлеуметтік талаптарды қабылдамауы, оны жоққа шығаруы; баланың заңға қайшы әрекеттері ( бұзақылық, ұрлық т.с.с); заңға қарсы әрекеттердің жасалуы; асоциалды әрекет тәжірибесінің жинақталуы (күш көрсету, бұзақылық, өтірік айту, алдау, ұрлық жасау); асоциалды іс-қимыл тобына енуі; қылмыс жасауы т.б.
Әлеуметтік жағымсыз іс-қимылдылармен мәселені шешу үшін, оны тудыратын және қалыптастыратын негізгі факторларды анықтау қажет.
Бірінші, психологиялық және физиологиялық дамудағы ауытқу: туғаннан зияттық дамуының төмен деңгейі немесе бас сүйек-ми жарақатының нәтижесі; эмоциялық ауытқулар және (немесе) айналымының ауытқуы, жоғары қозу тудырып, аффектілік іс-қимыл, әрекет және іс-қимылының импульсифтігі, айналасындағыларды жәбірлеуден ләззәт алу, үстемдік көрсету, қаңғыбастық және т.с.с. себепші болады; жеке тұлғаның қалыптасу барысында өз құрбы-құрдастарымен өзара күделі қарым-қатынасқа барады.
Екінші, баланың дамуындағы түрлі ауытқулар тәрбиеде ескерілуі тиіс. Оның танымдық, сезімдік және еріктік айналысындағы мүмкіндіктерін қоздыратын немесе тежейтін және олардың мүмкіндіктерін толықтыратын, кемшіліктерін жеңетін бағытты ұстану, т.с.с.
Үшінші, тәрбиелік ықпалдың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі. Мысалы, тәрбиедегі күрделі кезең жеткіншектік, (11-13, 14 -16 жас) - өзгермелі кезең. Әлеуметтік тұрғыдан жеткіншектік кезең–бұл алғашқы әлеуметтенуді жалғастыру. Жеткіншектер – яғни оқушылар – ата-аналарының (мемлекеттің) қарамағында, олардың негізгі қызметі-оқу, бұл- балалық шақтың соңы болып табылады.
«Әлеуметтік мәдениет» термині әр бала жасына лайық, бір жағынан, белгілі бір субмәдениетті көрсетсе, екінші жағынан–бала тұлғасының әлеуметтік ортаға байланысты дамып, қалыптасқан нақты мәдени субмәдениетін білдіреді. Сонымен бірге, белгілі жас кезеңіне байланысты жеке басына тән ерекшелігін анықтап, жүзеге асқан әлеуметтік мәдени шындықты анықтайды. Нақты бала субмәдениеті оның ішкі субмәдени әлемінде және шынайы болмысында көрінеді.
Баланың әлеуметтік мәдени әлемі оның әлеуметтік-педагогикалық сипатын көрсетеді, айналадағы шындықты қабылдауы (тіршілік ортасын), оған жауап беруін және жасына қарай оның әлеуметтік өзгерісі көрінеді. Ол оның белгілі әлеуметтік ортадағы типтік реакциясын, қарым-қатынасын және іс-қимылын сипаттайды.
Баланың типтік және жеке даралық әлеуметтік мәдени әлемін бөліп көрсетуге болады. Типтік – бұл әлеуметтік мәдени әлем, белгілі бір жас кезеңіне тән. Ол әлеуметтік ортаны табиғи қабылдау және баланың сол кезеңге байланысты реакциясын баса сипаттайды. Баланың жас ерекшелігін және әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын ескереді. Оның көмегімен сол жастағы баланың әлеуметтік дамуын, тұлға ретіндегі әлеуметтік тәжірибесін бағалауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет