Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет53/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Түйінді сөздер. Сынып жетекшісі, тәрбиелік іс-әрекет, тәрбие жұмысы,сыныптағы тәрбие жүйесі , педагогикалық рефлексия.



    1. Сыныптағы тәрбие жүйесі – тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізі

Мектеп оқушыларына сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде, жоғары сыныпта кәсіптік білім беруде т.б. іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланыстыра отырып, шараларды ұйымдастыру болып табылады.


Тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесінің негізгі құрауыштары тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдарын, әдістер мен формаларын, құралдарын т.б. дұрыс нәтижелі пайдаланған да ғана табысты нәтижеге жетеміз.
Заңдылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құбылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді. Тәрбиенің негізгі заңдылықтарын тәжірибелік-эксперименттік жұмыста нақты қамтылуы көзделді. Ол «тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелері мен тығыз байланыстылығы, тәрбие үдерісінің диалектикасы, жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты. Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерінің ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы, тәрбиенің екі жақты сипаты. Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиеші дене тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғаліммен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды.
Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы, мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді».
Тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдары бір-бірімен тікелей байланыста дамиды. Н.Болдырев «тәрбие ұстанымдары – (лат. - негіз), бастапқы белгілі бір теорияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі. Тәрбие үдерісі – тәрбие мазмұнының ұйымдастырылу бағыттарын анықтайтын, басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы», - деп атап көрсетеді.
Тәрбиенің ұстанымдары тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі, үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.
Жұмысты жобалау барысында тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдарын негізге ала отырып тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы тәрбие формаларын сабақ, экскурсия, кештер, таза ауада және мектепте ұйымдастырылатын ойындар, табиғат аясындағы серуен, сынып жиналысы, ұзақ мерзімді жорықтар, жазғы экспедиция т.б. ғылыми - әдістемелік кешендік жүйесі құрастырылады. Ғылыми - әдістемелік кешендік жүйесіне сыныптағы тәрбие жоспарына сай сынып сағатының толықтай жоспары, оларды өткізудің түрлері, сыни тұрғыда ойлауға бағытталған дөнгелек үстелдерді ұйымдастыруда миға шабуыл технологиясы арқылы тұлғаны дамыту, ойындар арқылы баланы шығармашылық даму технологиясын іске асыру т.б. пайдалану негізінде ХХІ ғасыр әлемдік прогресс көшіне ілесе алатын жан-жақты құзіретті тұлғаны қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет