Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


VIII бөлім. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ



бет58/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

VIII бөлім. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

Жоспар
8.1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы.
8.2.Тәрбие құралдары, әдістері және оны ұйымдастыру формалары.
8.3. Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.



    1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылы ұсынған «Тәрбие тұжырымдамасының негіздерінде» егемен еліміздің білім беру жүйесінде тәрбие мәселесін жетілдіруге арналған іргелі құжат болып табылады. Аталған тұжырымдамада тәрбиенің нақты 8 бағыты беріліп отыр. Жалпы үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарының жоспарын айқындағанда тұжырымдамада көрсетілген бағыттарды негізге алуға және оны мектептің оқу-тәрбие үдерісінің сұранысына сәйкес жетілдіруге болады. Себебі, 2009 жылы ұсынылған «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие тұжырымдамасында» тәрбиенің 12 бағыты бойынша тәрбие жұмысы жүргізілгені белгілі.


Мектепте тәрбие жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасы Конституциясы, ҚР Білім заңы, ҚР Білім бағдарламасы, ҚР Тәрбиенің кешенді бағдарламасы және ҚР Тәрбие тұжырымдамасының негіздері т.б. құжаттарды негізге ала отырып жасалады.Тәрбие жұмысының мазмұны тұлғаның дамуына жағдай жасайтын қарым–қатынастар, іс-әрекеттердің жиынтығы, мектеп ұжымының жалпы рухани мәдени және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертіп дамытады. Қазіргі таңда әр мектептің стратегиялық бағдарламасы айқындалады, мектептің тұжырымдамасы дайындалады, соған сәйкес мектептің тәрбие жоспары жасалып, сыныптағы тәрбие жоспары жүйелі түрде сабақтастықта дамиды.
Жоспар дегеніміз сыныпта атқарылатын жұмыстарды алдын-ала жоспарлай отырып, орындалу уақыттары белгіленген, бірізділікпен іске асатын әрекеттер жүйесі.
Жоспарлау оқушылармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың жоспарын құру болып табылады. Мектеп оқушыларын диагностикалауда Н.М.Борытконың тұжырымдаған төрт құрылымдық бөлігін негізге алуға болады: сыныптағы жағдайға сипаттама беру; іс-әрекеттің мақсатын негіздеу; алдын-ала жоспарланған әрекеттер жүйесін пайдалану; жеткен нәтижені талдау. Ғалымның ұсынысы бойынша жоспарлаудың қызметтеріне алдын-ала белгіленген жоспардың орындалуын этаптарға бөліп іске асыру, яғни бірінші, апталық, айлық, жартыжылдық, жылдық уақыт кеңістігін қамтиды. Сыныптағы қиын оқушымен жүргізілетін диагностикалық жұмыста күнделікті бақылау да негізгі орын алады. Екінші этапта, диагностика болып отырған сыныптағы, жеке тұлғаның бойындағы өзгерістердің барысына талдау жасай отырып, өсу немесе даму үдерісіндегі жетістіктер мен кемшіліктерге талдаулар жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл этапта тұлғаға бағдарланған технология, сыни тұрғыда ойлау, миға шабуыл, шығармашылық даму, тәрбие әдістері мен тәсілдерін жүйелі пайдалау. Үшінші, диагностика жүргізу мақсатына, жоспарға сәйкес іс әрекеттердің орындалуына аралық бақылаулар жүргізу арқылы нәтижені зерттеп, біліп, алға қарай жүрудің жоспарын нақтылай, жетілдіре түсуге болады.
Диагностикалық зерттеудің әр этаптағы орындалу барысын зерделеу сынып жетекшісінің психолог, әлеуметтік педагог т.б. басқа мектептегі қызметкерлермен бірлесе отырып талдау арқылы, олардың даму үдерісінің бағыттарын анықтай және нақтылай түседі. Диагностиканың нәтижесін айқындауда сынып мұғалімінің, сынып жетекшісінің, психологтың, әлеуметтік педагогтың дайындаған жоспары мен бағдарламасы негізінде іске асады. Сонымен қатар, нәтижелер педагогикалық кеңестерде, педагогикалық консилиумдарда талқыланады.
Егерде диагностикалық жұмыстар жеке зертеушілердің, ғалымдардың (дипломдық жұмысы, магистрлық, докторлық диссертациялары бойынша) зерттеу жұмысы бойынша болса тәжірибелік-эксперимент жүргізу үдерісі де, нәтиже қорытындысы, яғни сараптамаға педагогикалық кеңестің шешімімен бекітіліп, мектеп директорының қолымен нақтыланып, қол қойылады.
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі шарттар нақты қамтылып орындалуы қажет:

  • оқушының даму жағдайын, педагогикалық іс әрекеті, өзара қарым-қатынасын білу;

  • педагогикалық мақсат пен міндетті нақты қоя білу, өзара қарым–қатынастың нәтижесін жобалау;

  • педагогикалық құралдар жүйесін таңдай білу, әртүрлі педагогикалық құралдарды менгеру, алға қойған мақсат пен міндеттерді іске асыруда педагогикалық құралды жинақтай білу;

-рефлексивті-өзінің, оқушының рефлекциялық іс – әрекетін ұйымдастыра білуі.
Педагогикалық үдерісті құр технологиясының компоненттері:

  • құрылымдық мазмұндық іс- әрекеті-мазмұнды құрудың технологиясы;

- құрылымдық материалдық іс-әрекет-материалдарды жинақтау технологиясы;
- құрылымдық операциялық іс - әрекетті құру технологиясы.
Жоғарыдағы үш компонентті іске асыруға педагог алға қойған мақсатқа сәйкес сабақтастықта жүйелі түрде іс - әрекетті іске асырады: аналитикалық іс - әрекет, жобалау іс - әрекеті, шығармашылық ойлау іс – әрекеті.
Педагогикалық жобалау белгіленген нысан туралы ғылыми негізделген ережелер мен ол туралы мағлұматтарды алдын-ала біліп отыру үдерісі. Педагогикалық жобалау педагогиканың мақсатқа тікелей байланысты диагностикалық тапсырмаларды айқындау мүмкіндіктерін ашу.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушыларға тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар. Тәрбие жұмысын жоспарлауда әр қызметкердің алатын орны нақты болуы керек. Ол әр қызметкерге мектептің жарлығына және ішкі жағдайды орындау ережесіне сәйкес жүргізіледі. Біз мектепте тәрбие беру мәселесін шешу барысында әр қызметкердің орындайтын міндеттері мектеп директорының, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психолог т.б. тәрбие үдерісін жоспарлауда негізгі орын алады.
Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлаудың негізгі негізгі компоненттері мақсат, міндет, мазмұны, әдіс тәсілдерінің, ұстанымдарының, формаларының нақты болуымен, іс–әрекеттерден, тәрбиенің негізгі компоненттерінің мұғалім, сынып жетекшісі, оқушы, ата – аналардың өзара ықпалдасуынан, ұжым және ондағы психологиялық ахуал кіріктіру сипатымен айқындалады. Мектептің тәрбиелік жүйесі ұжым, ұжымдық қатынастар,мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған жиынтығы негізінде іске асады.
Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - мектептегі, сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, cыныптағы, сыныптан тыс, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде, т.б. іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.
Тәрбиені жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Мектептің кез-келген сыныбының жетекшісі арнайы жасалған нақты жоспарды басшылыққа алып жұмыс жүргізуі керек:

  1. Тәрбиенің мақсатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерін нақты белгілеу үшін қажет.

  2. Сынып ұжымын, жекелеген оқушыларды, сыныптағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін; қоршаған ортадағы жағдайды қосымша зерттей білу үшін қажет.

  3. Тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, құралдарын ойластырып таңдап алу үшін қажет. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуындағы кемшіліктерді түзетіп, жұмыс жүргізу жоспарын жасау үшін, өзіңнің қызметіңнің нәтижесін жобалау үшін қажет. Сонымен қатар, жоспар жалпы адамдық және педагогикалық тұрғыдан өзіңді-өзің жетілдіруінің деңгейін біліп отыру үшін қажет.

Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың түрлері көпшілік, топтық және жеке болып жіктеледі. Тәрбиені жоспарлауда негізі ұйымдастырушылық (өмірлік іс-әрекетті реттеу, ұйымдастыру, басқару) мен тәрбие жүйесінің (тұлғаны дамыту) бірлігін қамтиды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет