Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет77/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ


Жоспар.
10.1.Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы.
10.2.Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.).
10.3.Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары мен тактикасы.


Негізгі ұғымдар:педагогикалық қолдау, гуманистік парагдигма, тұлғаның субъектілігі, ашық ақпараттық кеңістік, білімдік кеңістік, тұлғаның өзіндік үдерістері, өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі тану, өзін-өзі іс жүзінде көрсету.

    1. Педагогикалық қолдау – педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы

Педагогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. Педагогикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал ету.


Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық-психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан дүниесін сезіну, түсіну, тұлғалық, тұлғаралық қасиеттерін түсіну және іс - әрекетке еркіндік беру, жақсы нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білу, көмек көрсету, оқушыға өмірден, қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік жасауға бағытталады. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – мейірімді жылы қатынас, жылы ишарат, жылы лебіз, құлақ сала білу, қажет болса–кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім, оның құқығын қорғау, тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы, шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беру т.б.
Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді, педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын іске асыратын шаралары болып табылады. Гуманисттік парадигма ізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап етіледі. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне тәрбиенің әдістері ынталандыру, бағалау, мадақтау, негізінен басшылыққа алынады:
Педагогикалық қолдауда баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Сондықтан да, тәрбиеленушінің өз ынта-ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады; бірінші-қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат (идеал) және екінші-көкейтесті мақсат-жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы-тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет