Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Педагогикалық шеберліктің компоненттері



бет89/141
Дата11.09.2024
өлшемі480,73 Kb.
#204178
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   141
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м

Педагогикалық шеберліктің компоненттері. Педагогика ғылымында педагогикалық шеберлікке түрлі көзқарас бар. Бір топ ғалымдыр педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі жетік, ғылыми жағынан беделді, педагогикалық қиындықтарды жеңе білетін, басшылыққа икемді, баланың жанын түсінетін дарынды қабілеті бар, оқушы тұлғасына нәзік және аялаулықпен ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы шарт деп санайды.
Педагогикалық шеберлікке педагогикалық біліммен бірге, интуиция, аз күш жұмсап, тиімді нәтижеге жететін педагогикалық техниканы таңдай білу де қамтылады. Педагогикалық шеберлік дегеніміз үнемі жеткен межеден арыға қол созу. Педагогикалық шеберлік кез келген іс-әрекетті жүзеге асыруы үшін арнайы білім, дағды, әдетті меңгеруге байланысты. Осы айтқандарды ескере отырып, педагогикалық шеберліктің төрт құрамды бөлігін ажыратуға болады: оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру шеберлігі; оларды сендіру шеберлігі; білім және іс-әрекет тәжірибесін меңгерту шеберлігі; педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі. Педагогикалық қызметте осылардың бәрі тығыз байланысты болады.
Мұғалімнің шеберлік деңгейін қалыптастыруда педагогикалық техниканың орны ерекше. Ол жеке оқушыға немесе оқушылар ұжымына тегіс тиімді ықпал ету әдістерінің жүйесін құрайтын іскерлік пен дағдылар жиынтығы: тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнатудағы үйлесімді дауыс ырғағы мен қарым-қатынас стилін таңдау, олардың назар салуын басқару, қажетті екпін таңдау, басқару дағдыларын меңгеру және оқушы қылығына өзінің қатынасын көрсете білу,т.с.с.
Педагогикалық техника негіздерін меңгеру міндетті түрде қарым - қатынас технологиясын білуді қажет етеді. А.С. Макаренко «Мен нағыз шебер педагог болу үшін «бері кел» деген сөзге 15-20 түрлі рең беріп үйрендім, бет әлпетімді, дауы-сымды, сөйлеу мәнерімді 20 түрлі кейіпте құбылтуға машық-тандым. 1Сондықтан да мен айтқан сөзімді тыңдатуға және оны орындатуға қол жеткіздім» - деп жазады. А.С.Макаренконың осы пікірінен педагогикалық техниканың тіл дамытумен тығыз байланысты екені байқалады.
Сөйлеу мәдениеті - әр дыбысты нық айту, дауыс екпінін таңдау, дұрыс тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үйлесімді пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет