Салмағын анықтау
Ет сынамаларының салмағы арнайы техникалық таразыларда ± 0,001 көлеміндегі рұқсат етілген айырмашылықта .анықталады. Кейіннен дәл осы ет сынамалары тұз мөлшерлерін анықтауларда қолданылады.
Ас тұзының жалпы үлесін анықтау
Пышақпен майдалап тураланғаннан кейін фарфорлы келіге салынған зерттелетін ет сынамалары, келсап арқылы езіліп, мұқият араластырылып барып олардың үстіне 100 см3 (яғни 100 мл) дистилденген су құйылған соң, тағы да езіледі және араластырылады. Тұздың толықтай экстракциялануы үшін, осы қоспа 15-250С температурасында 20 минутқа қалдырылады. Қоспа арнайы сүзгі арқылы өткізілген соң, сүзгіден өткен қоймалжыңнан 2 см3 (яғни 5-20 мл) көлемінде сұйықтық колбаға құйылып, оларға бихромат калий индикаторының (K2Cr2O7) 1-2 тамшысы тамызылады және 1 см3 су қосылады. Кейіннен, кірпіш түсіне айналғанға дейін, концентрациясы 0,1 моль/дц3 күміс нитратының (AgNO3) ертіндісімен титрлейді.
Ет құрамындағы ас тұзының жалпы үлесін -Х келесі теңдеу арқылы анықтайды:
Х ˭ К * Н
* 0,005535
a * V 2
* V1 K*H*0,0*
a*V2
мұндағы: Н – 0,1 моль/дц3 күміс нитратының (AgNO3) титрден өткен ертіндісінің көлемі, см3; к – титрге арналған түзету коэфициенті; а – ет сынамасының салмағы, г; 0,00535 – 0,1 моль/дц3 күміс нитратының (AgNO3)
титрден өткен ертіндісінің хлор бойынша титрі; V1 – ет құрамын тұздан арылту үшін алынған судың мөлшері, V1 ═ 100 см3; V2 – титрлеуге арналған сүзгіден өткізілген қоймалжың (вытяжка) мөлшері, см3.
Достарыңызбен бөлісу: |