Бақылау сұрақтары:
Етті тұздау әдістерін айтыңыз
Ет құрамына қандай ақуыздар кіреді?
Қандай ақуыздар тұзда ерігіш?
Ас тұзы еттің сапасына қалай әсер етеді?
Май мөлшері қалай анықталады?
Күл мөлшері қалай анықталады?
№2. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Майдың сапалық көрсеткіштерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Майдың сапалық көрсеткіштерін, тәжірибеге алынған жануар майларының анықтау.
Қолданылатын өнімдер: жануарлар майларының шикізат сынамалары (сиыр, қой және т.б).
Құрал-жабдықтар: Кептіру бюксы, сулы моншасы, құрғатушы шкаф, эксикатор, дәлдігі 0,01г техникалық таразы, сыйымдылығы 100 мл конус тәрізді колбалар, 0,1 N улы сілті ерітіндісі, титрлі ертінділер (NaOH немесе KOH), спирттік-эфирлі қоспа, фенофталеин, сілті, сыйымдылығы 10 мл цилиндр, 01 N гипосульфид ерітіндісі, йод хлоридінің – ICI, йод бромидінің - IBr ерітінділерін
немесе алмас ерітіндісіндегі йоды, сыйымдылығы 250-300 мл құрғақ колба, калий йодиді ерітіндісі, натрий тиосульфатының 0,1н ерітіндісі,крахмал, тұз қышқылы, бензол, резорцин, этил спиртіндегі флюроглюцин ерітіндісі.
Жұмыс барысы:
Ас майларын органолептикалық бағалау.
Ерітілген ас майларының сапасын органолептикалық бағалау құрамына түсін, иісін, дәмін, қоюлығын және мөлдірлігін анықтау кіреді.
Май түсін көзбен немесе фотометриялық тәсілмен анықтайды.
Көзбен анықтау кезінде майды 15-200С температурасында қалыңдығы шамамен 5мм сүтті шыны пластинаға оналастырады, содан соң түсін анықтайды. Даулы жағдайларда фотометриялық (аралық) әдісті қолданады.
Майдың иісі мен дәмін органолептикалық тәсілмен 15-200С температурасында оны қалақшамен немесе шыны таяқшамен араластыра отырып анықтайды.
Қоюлығын 15-200С температурасында, зерттелінетін үлгіге металл таяқшамен басып анықтайды.
Мөлдірлігін майды түссіз шыныдан жасалған, ішкі диаметрі 15мм және биіктігі 150 мм пробиркаға (пробирка көлемінің аз дегенде жартысына дейін) орналастыру жолымен анықтайды, оны 60-70 0С температурасында сулы моншада күндізгі шашыраңқы өтпелі жарықта ерітіп, оның мөлдірлігін белгілейді. Майда ауа көпіршіктері болған жағдайда, оны 2-3 минут ұстай тұрады да, содан соң мөлдірлігін анықтайды. Даулы жағдайларда май мөлдірлігін фотоэлектроколориметриялық әдіспен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |