Қазақстан Республикасы білім және ғылым


Ылғалдың массалық үлесін анықтау (МСТ Р 50456-92)



бет53/78
Дата12.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#149261
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Байланысты:
ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi

1.1. Ылғалдың массалық үлесін анықтау (МСТ Р 50456-92)


Бұл әдіс майды орнықты массасына дейін құрғатуға негізделеді. Жұмысты орындау тәртібі. Май үлгісін (2-3г) алдын-ала орнықты массасына дейін кептірілген бюксаға салады, 0,0002г дәлдігіне дейін өлшейді және құрғатушы шкафта 102-1050С температурасында орнықты массасына дейін кептіреді.


Алғашқы өлшеуді құрғатудан 1 сағаттан кейін, келесілерін - құрғатудан 30 минуттан кейін жүзеге асырады (сақтауда жатқан майлар үшін алғашқы өлшеуді құрғатудан 30 минуттан кейін келесілерін - құрғатудан 15 минуттан кейін жүзеге асырады). Салмақ өлшеу алдында бюксаны эксикаторда 20-25 минут суытады.
Ылғалдың массалық үлесі (%-мен) х
мұнда - майы бар бюксаның тиісінше құрғатуға дейін және кейінгі массасы, г. - үлгі массасы, г.
Параллельді анықтаулар нәтижелерінің арасындағы айырмашылық 0,05%- дан аспауы тиіс. Массасының ұлғаюына алып келетін құрғату кезінде майдың қышқылдану мүмкіндігін ескере отырып, есепке оның ең аз мәнін алады.


    1. Қышқылдық санын анықтау.


Қышқылдық сан деп – 1г майдың құрамындағы бос май қышқылдарын жою үшін қажетті улы калийдің миллиграм мөлшерін айтады.


Майлар бейтарап майлардан және өте көп мөлшердегі бос май қышқылдарынан тұрады. Майды, әсіресе шикі майды ұзақ сақтаған кезде, бос қышқылдардың мөлшері ұлғаяды.
Сыйымдылығы 100 мл конус тәрізді колбаны дәлдігі 0,01г техникалық таразымен алдымен бос күйінде, содан соң май салып өлшейді. Май өлшендісі шамамен 2 г құрайды.
Колбаны ыстық суға салып, майды ерітеді де, 20 мл цилиндрден алдын-ала фенолфталеин бойынша ақшыл-қызғылт түске дейін бейтараптандырылған спирт-эфирлік қоспадан құяды. Май толығымен ерігеннен кейін 0,1 N улы сілті ерітіндісімен 5-10 секунд ішінде тұрақты болатын қызғылт түске дейін титрлейді (NaOH немесе KOH). Қышқылдық санды мына формула бойынша есептейді:

мұнда: Қ.с. – қышқылдық сан;


0,1 N улы сілті ерітіндісінің мөлшері, мл;
- зерттелетін май өлшендісі, г.
Тәжірибені параллельді анықтамамен қояды. Спирттік-эфирлі қоспаны спиртті және эфирді 1:2 қатынасында араластыру жолымен дайындайды. Фенофталеин қосып, сілтімен (спирттік болса өте жақсы) бейтараптандырады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет