Sn =; (13)
h
НЕхр – 1 вагон тауар үшін сыйымдылық нормасы(сақтаудың штабелдік тәсілі үшін норма 62 м3, ал стелаждық тәсілі үшін 100м3); Һ – тауарларды орналастыру биіктігі(м).
1. Қоймадағы технологиялық процестің түсінгі
Қоймадағы технологиялық процесс - тауарларды қабылдауға дайындау мен қабылдау, сақтау үшін орналастыру, сақтауды ұйымдастыру, жөнелтуге дайындау және жөнелту мен байланысты сатылап жүргізілетін операциялардың жиынтығы.
Қоймадағы технологиялық процестің құрылымы немесе көлемі қойма түрінен, ондағы сақталатын тауарлардың физико – химиялық қасиеттерінен, жүк айналымының көлемі мен өзге факторлардан тәуелді.
Технологиялық процестердің ұйымдастырылуы өндірістен тұтынушыға дейін тауар қозғалысының жалпы ұзақтылығына әсер етеді. Ол өз кезегінде, қоймадағы технологиялық процестің жылдамдығы қойма атқаратын функциясына, жеткізу шарты мен қойма операцияларының механизацияланған дәрежесіне байланысты.
Технологиялық процесті ұйымдастыру бұл :
Қойма қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастыруына, қойма орындарын және құрал – жабдықтарын толық пайдалануға ықпал ететін, қойма операцияларын сатылап және жоспарлы түрде жүзеге асыру;
Қойманың сыйымдылығын және құрал-жабдықтарды оптималды пайдалану;
Тауарларды сақтау кезінде олардың тұтынушылық қасиеттерінің сақталуын қаитамасыз ету;
Жұмыстың прогрессивті әдістерін пайдалану негізінде қойма шығындарының жалпы деңгейін төмендету.
Достарыңызбен бөлісу: |