УМ = *100% ; (16)
Р
УМ - механизацияланған деңгейі (%);
МР – механизацияланған жұмыстардың көлемі (тонна);
Р – қоймадағы орындалатын жұмыстардың жалпы көлемі (тонна).
Тақырып 10. Тауар ассортиментінің қалыптасуы 1. Тауар ассортиментінің мәні және оның жіктелуі
Тауарлардың маңызды сипаттамаларының бірі ассортименттік сипаттама. Тауарлар ассортименті дегеніміз белгілі бір белгілер бойынша қалыптасатын және әртүрлі; бірыңғай және жеке дара қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар жиынтығы. Термин француздың сөзінен шыққан және тауарлардың әр қилы түрлері мен сорттарын іріктеуді білдіреді. Тауар номенклатурасы дегеніміз бірыңғай және әртүрлі тауарлардың тізімі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы дегеніміз экспортықимпортық операциялар үшін арналған тауарлар тізімі.
Тұтыну тауарлары ассортименті орналасуына байланысты топтарға, тауарлардың қамтылу дәрежесіне байланысты ішінара топтарға, қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесіне байланысты түрлерге, қажеттіліктердің сипатына қарай түрлерге бөлінеді.
Орналасуына байланысты өнеркәсіптік және сауда ассортиментін ажыратады. Өнеркәсіптік ассортимент деген өндірістік мүмкіндіктеріне байланысты өндіруші шығаратын тауарлар жиынтығы. Сауда асортименті деген материалды – техникалық базасына, тұтынушылық сұранымға және мамандануына байланысты сауда ұйымы қалыптастыратын тауарлар жиынтығы.
Тауарлардың қамтылу дәрежесіне байланысты ассортимент топтар, ішінара топтар, түрлер, марка, типі, атаулардың санымен анықталады.
Тауарлардың қамтылу дәрежесіне байланысты ассортимент келесідей түрлерге бөлінеді:
қарапайым ассортимент бұл қажеттіліктің шектеулі мөлшерін қанағаттандыратын аса көп емес топтар, түрлер және атаулар санынан тұратын тауарлар жиынтығы. Қарапайым ассортимент күнделікті сұраныстағы тауарларды сататын дүкендерге тән.
Күрделі ассортимент бұл әрқилы қажеттіліктерді қанағаттандыратын елеулі мөлшердегі тауарлардың атауы, түрлері мен топтарды қамтитын тауарлар жиынтығы.
Топтық ассортимент бұл ұқсас қажеттіліктерді қанағаттандыратын және жалпы белгілері бойынша жинақталған бірыңғай тауарлар жиынтығы Топтық ассортимент көптеген сауда кәсіпорындарының ұйымдық құрылымының негізін құрайды. Топтық ассортимент 2 түрге бөлінеді:
o түрлік ассортимент бұл ұқсас қажеттіліктерді қанағаттандыратын әр қилы түрдегі және атаудағы тауарлар жиынтығы. Ол топтық асортименттің құрамдас бөлігі болып табылады. Мәселен: сүт түрлері. o Маркалы ассортимент бұл маркалы топтарға жатқызылатын немесе маркалы атауына, бір түрдегі тауаралар жиынытығы. Бұл тауарлар елеулі түрде әлеуметтік және психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған.
Кеңейтілген ассортимент бұл елеулі түрде ішінара топтар, түрлер, атаулар, сондай-ақ жеке дара белгілермен ерекшеленетін, бірақта бірыңғай маркалық топтарға жатқызылатын тауарлар жиынтығы.
Қосалқы ассортимент бұл бір ұйымның негізгі қызметіне емес, қосалқы функциясын атқаратын тауарлар жиынтығы.
Аралас ассортимент бұл әртүрлі функционалдық белгілермен ерекшеленетін әртүрлі топтардағы, түрлері мен атаудағы тауарлар жиынтығы.
Қанағаттандыру дәрежесіне қарай рационалды және оптималды асортимент боп бөлінеді.
Рационалды ассортимент бұл ғылымның, техника мен технологияның белгілі бір даму деңгейінде өмір сүруінің максималды сапасын қамтамасыз ететін, нақты негізделген қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын тауарлар жиынтығы.
Оптималды ассортимент бұл минимальды шығындар негізінде тұтынушы үшін максимальды тиімділікпен нақты қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар жиынтығы. Оптимальды ассортименттің тауарлары жоғары бәсекеқабілеттілікпен ерекшеленеді. Оптимальды ассортименттің критерийі оптималдылық коэффициенті боп табылады.
Ол нақты формула бойынша есептелінеді:
ЭП
Достарыңызбен бөлісу: |