Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сын есім мен зат есімді үйлестіру



бет29/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#80043
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Латин

Сын есім мен зат есімді үйлестіру
Сын есімнің зат есіммен үйлесімі — дeгеніміз, анықталатын зат есім қандай родта, түрде, септеуде тұрған болса, сын есімнің де сондай родта, түрде, септеуде қойылуы. Мысалы: os longum - ұзын сүйек, os breve - қысқа сүйек. Os зат есімі n родында, атау септігінде (кім? не? дeген сұраққа жауап береді), жекеше түрде тұр. Longum сын есімі жекеше түрде, атау септігінде (longus, m; longa, f; longum, n). Breve сын есімі де жекеше түрде, атау септігінде (brevis, m,f; breve, n)
Сын есімдерді зат есімдермен үйлестірген кезде реттік іс-әрекеттерді сақтаған жөн:

  1. терминнің түрімен (жекеше, көпше) септеуін анықтау;

  2. зат есімнің сөздік формасын көрсету;

  3. зат есімнің родын анықтау;

  1. сөздіктен зат есімнің тектік түріне (родына) дұрыс келетін сын есімнің формасын таңдап алу. Бұл үшін -us, -er, -is-гe аяқталатын сын есімдер (ш) родында тұрған зат есімдермен, -а, -is-ке аяқталатын сын есімдер (f) родында тұрған зат есімдермен, ал -um, -е-ге аяқталатын сын есімдер (n) родындағы зат есімдермен үйлесетіндіктерін білген жөн.

  2. анықталатын зат есімді жазып, оған таңдалған сын есімнің родтық формасын тіркеу керек, яғни терминді Nom. Sing. қою керек.

Енді, жоғарыда айтып өтілген іс-әрекетпен анатомиялық терминді латын тіліне аударып көрейік - Жамбас - құйымшақ тесігі:

  1. терминнің нeгізін анықтап, түnкі формасын табамыз: кім? не? — атау септік, жекеше түрі - Nom. sing. -

  2. зат есімнің сөздік формасын береміз - foramen, inis, n;

  3. зат есімнің родын анықтаймыз - n;

  4. сын есімдердің сөздік формасын береміз - sacralis, e, pelvinus, a, um

  5. сын есімдердің қажетті формасын таңдаймыз;

6. Nom. sing.-да термин жасаймыз: foramen sacrale pelvinum - жамбас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет