Қазақстан республикасы білім және ғылым


Түбірлі терминоэлементтер



бет39/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#80043
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Латин

Түбірлі терминоэлементтер:

Грек ТЭ

Терминоэлементтің мағынасы

Acr(o)-

1. аяқтарға қатысты (акралгия);
2. биік, жоғарғы (акрофобия)

angi(o)-

Тамыр (ангионевроз)

arthr(o)-

Буын (артропатия)

cephal(o)-

Бас (цеф(ал)алгия)

enter(o)-

Ішек, ашы ішек (энтеропатия)

haem(at)-

Қан (гематурия)

hydr(o)-

су, сұйық (гидрорея)

leuc(o)-

1. ақ;
2. лейкоциттерге қатысты (лейкоцитурия)

lip(o)-

май, липидтер (липемия)

mast(o)-

Сүт безі (мастодиния)

nephr(o)-

Бүйрек (нефропатия)

nyct(o)-

Түн, түнгі, қараңғы (никталгия)

odont(o)-

Тіске қатысты (одонталгия)

oste(o)-

Сүйек (остеопатия)

proct(o)-

Тік ішек (прокторрагия)

py(o)-

Ірің (пиорея)

rhin(o)-

Мұрын (ринорея)

spondyl(o)-

Омыртқа (спондилопатия)

Sial(o)-

Сілекей (сиалорея)

ur (o)-

Зәр, зәрге қатысты, зәр шығару системасына (уремия)



Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ

Терминоэлементтердің мағынасы

-аеtіа

1. қанда бөгде заттың болуы (бактериемия);
2. қанға қатысты (анемия)

-algia

ауруды сезіну (кардиалгия), (гипалгия)

-emesis

Құсу (гиперемезис)

-odynia

Ауру, ауруды сезіну (сакродиния)

-pathia

1. аурудың жалпы аталуы (психопатия);
2. сезімталдық (гиперпатия)
3. сезім (апатия)

-rrhagia

Қандай да бір ағзадан қан ағу (энтероррагия)

-rrһоеа

Ағу, өту (оторея)

-uria

1. зәрде бөгде заттың болуы (гематурия);
2. зәр түзілу (анурия)



Префикстер

Грек ТЭ

Терминоэлементтердің мағынасы

a- (an-)

Кем, жоқ болуы (орыстың «не-», «без-»
приставкаларына тең;)
an- дауыстылардың алдында қолданылады

hyper-

Көп мөлшерде, жоғары, қалыпты жағдайдан тыс

hypo-

Аз, төмен, қалыпты жағдайдан төмен



ЖАТТЫҒУЛАР
1. Терминдерді құрамына қарай саралап, мағынасын айтыңыздар:
mastalgia, pyuria, lipaemia, odontalgia, rhinopathia, lymphorrhoea, pyaemia, angialgia, anuria, arthropathia, proctorrhagia, thoracodynia, nyctalgia, haematuria, hyperinsulinaemia, apathia, haemorrhagia, meteopathia, acephalia, hypodontia, arthralgia, nycturia, hydraemia, haematemesis, nephropathia, rhinorrhoea, hydrocephalia, spondylodynia, asialia, hypalgia, mastodynia, leucocyturia, hypocholesterinaemia, hyperemesis, osteopathia, gastrorrhagia, hyposialia, hyperpathia
2. Соңғы ТЭ –ден терминдер құрап, мағынасын түсіндіріңіздер:

  1. -algia (odont-, nyct-, mast-, arthr-, angi-, aero-, hypo-, a-)

  2. -uria (a-, py-, lip-, azot-, nyct-, haemat-, calci-, bilirubin-)

  3. -aemia (a-, py-, ur-, lip-, azot-, hydr-, hyper-, bacteri-, protein-, hyper/calci-)

  1. -pathia (a-, rhino-, angio-, arthro-, hyper-, masto-, meteo-, nephro-, osteo-, broncho-, oesophago-, encephalo-, osteo/arthro-)

3. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндіріңіздер:
асиалия, спондилодиния, остеопатия, никталгия, липемия, нефропатия, гидремия, гематурия, остеоартропатия, цефалгия, гипосиалия, никтурия, энтеропатия, артралгия, проктодиния, липурия, лимфорея, ангиалгия, гиперпатия, прокторрагия, мастопатия, гипохолестеринемия, гиперкальциемия, апатия, лейкоцитурия, гиперемезис, мастодиния, гастропатия, геморрагия, гематемезис, одонталгия
4. Термин құраңыздар:

  1. тіс ауруы;

  2. сүт безі аумағындағы ауруды сезіну;

  3. зәрде қанның болуы;

  4. бас миында судың болуы;

  5. қаныаздық;

  6. қанда судың шамадан тыс болуы;

  7. бас ауруы;

  8. қан қысымының көтерілуі;

  9. қан құсу;

  1. қоршаған ортаның бәрібір болуы;



Бақылау сұрақтары:

  1. Терминоэлемент дeгенді қалай түсінесіз?

  2. Құрамы жағынан ТЭ қандай болып келеді?

  3. ТЭ бір мағынаны беру үшін жеке қолданыла ма?

  4. Түбірлі ТЭ, мысалдар

  5. Соңғы ТЭ, мысалдар

  6. Префикстер, мысалдар

  7. uria ТЭ мағынасы?

  8. -aemia?

  9. -algia и -odynia ТЭ мағынасы?

  10. -pathia ТЭ мағынасы?

1l. -rrhoea, -rrhagia ТЭ мағынасы?
12. ТЭ -іа-ға аяқталуы, мағынасы?
13. ТЭ қалай қосылады?


Латын афоризмдері
1. Errаrе humanum est - адамға қателесу тән

  1. Gutta cavat Lapidem - тамшы тас теседі

  2. Pigritia est mater Omnium vitiorum - барлық кемшіліктің нeгізі жалқаулық

  3. Ignorantio non est argumentum - білмeгенің себеп емес

Дәріс сабағы №12
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрау. Грек суффикстері және түбірлі терминоэлементтері.
Жоспары:

  1. Сөз құрау

  2. Грек суффикстері

  3. Грек түбірлі терминоэлементтері



Латын тілінде сөз құраудың екі түрі бар: сөзқұрау және аффиксация.
Сөз құрау - екі немесе одан да көп түбірлі сөзден бір сөз шығару: oss-i-ficatio - сүйектену.
Аффиксация - сөз түбіріне жұрнақтар мен приставкаларды жалғау арқылы сөз шығару: ab-duc-tio - алыстату.
Анатомия терминологиясындағы зат есімдердің маңызды суффикстері

  1. Сөз түбіріне жалғанатын -ul, -cul, -оl жұрнақтары (f) тeгінде, кішірейтетін мағынадағы I септеудің зат есімдерін құрайды: radic-ul-a, a ae, f - тамыршық (от radix, icis.f - тамыр).

  2. -ul, -cul, -ol жұрнақтары (m) және (n) тeгінде тұрған зат есімдерге жалғанып, кішірейтетін мағынадағы II септеудің зат есімдерін құрайды. (m) тeгінде тұрған зат есімдер атау септігінде -us -қа, (n) тeгіндeгі зат есімдер -um-ға аяқталады: ram-ul-us,i,m - сабақша (от ram-us,i,m - сабақ), tuber-cul-um, і, n - төмпешік (от tuber, eris, n - дөңес). Анатомиялық терминологияда -ul, -cul, -ol жұрнақты көп зат есімдер өздерінің бастапқы кішірейтетін мағынасын жойған.

  3. - tor, -sor жұрнақтары супин түбіріне жалғанып, әрекеттeгі зат немесе жақты білдіретін зат есімді құрайды: reseptor, oris, m - қабылдағыш (resept-um); flexor, oris, m - бүккіш (flex-um); extensor, oris, m - жазғыш ( extens-um).

Анатомия терминологиясындағы сын есімдердің нeгізгі суффикстері
Грек суффикстері
Грек суффикстері (жұрнақтары) латын зат есімдері мен сын есімдерінің 1-3 жіктелуімен аяқталатын сөздермен бірігеді. -Id- жұрнағы жануарлардың тұқымдастығын (Ranidae — бақалар, Ciconidae — тырналар), ботаникалық класстарды (Pteropsidae — папоротник тәрізді, Pinopsidae — қылқанды) жазуда қолданылған.
Гректің eidos (түр, ұқсас) жұрнағынан пайда болған -id- жұрнағы орыс тіліндeгі зат есімдердің -оид жұрнағына сәйкес келеді: гаплоид — haploidum, і n; нуклеоид — nucleoidum, i n. Латын нұсқасында екпін –id- жұрнағына түсетінін ұмытпаған жөн. Бұл топқа грек жұрнағындағы id-ке аяқталатын, ал орыс тілінде –ид-ке аяқталатын зат есімдер де келіп қосылады: гликозид — glycosidum, і n; хроматид — chromatidum, i n.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет