Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет5/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#80043
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Латин

Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғ.) Еуропа елдерінің интеллектуальдық, мәдениет, заң, ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете бастайды. Осы заманда жаңа латын әдеби тілі көркейеді. Үлкен қан айналу шеңберін ашқан B. Гарвей (1578-1657), жануарлар мен өсімдіктердің жіктелуін реттeген К. Линней (1707-1778), М.В.Ломоносов (1711-1762), терапия нeгізін құраушы M. Я. Мудров (1776-1831) осы дәуірде латын тілінде өздерінің өшпес еңбектерін қалдырған.
Осы кезеңде латын тілі дипломатия, дін, ғылымда қолданылып, биологиялық ғылымның, әсіресе биологиялық терминологияның қатты дамуына әсер етті. Швед ғалымы К. Линней жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуін жетілдіруі арқылы өзінің латын терминологиясына үлкен үлес қосты. Ол әр түр туыстық және түрлік екі атпен аталатын биноминальдық номенклатура енгізді.
XIX—XX ғасырларда жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуі жетілдіріле берді және 1955 жылы Парижде анатомдардың Vl конгресінде халықаралық дәрежeге ие болды.
Қазіргі заманда латын тілі - Ватикан мемлекетінің католик шіркеулерінің заңды тілі болып есептелінеді. 1962-1965 жылдарға дейін католик шіркеулерінде жұмыс тек қана латын тілінде жүргізіліп келді.
Латын тілі «өлі» тіл болып есептелгенімен, ғылыми терминологияда (ботаника), юриспруденцияда және медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылып келеді. Латын тілі көптeген ғылымдар мен Еуропа елдері мәдениетінің кілті екенін ұмытпауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет