«Достық» жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#24495
  1   2
Түсінік хат

Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетанымы кеңиіп, жаңа көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.



Сол себепті биыл лагерь «Достық» деп аталады. Лагерьде түрлі үйірмелер жұмыс жасап, балалардың демалысын қызықты да, сапалы ұйымдастырып мақсатқа жету.



«Достық» жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты: 

Жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру;


Міндеттері: 

- уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру;

- ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықтарды азайту;
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету; 
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; 
- Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

- Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту;

- балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
Қызмет түрлері мен бағыттары


Лагерь ауысымдарын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер:

  • барлық шаралардың сөзсіз қауіпсіздігі;

  • әрбір адамның ерекшеліктерін ескеру;

  • лагердегі барлық адамдардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әрекетте өз қабілеттіліктерін көрсету мүмкіндігі;

  • күн бойында эмоциялық және дене жүктемелерінің бөлінуі;

  • тәрбиешілер мен жетекшілер және лагерде демалушы балалар арасында да міндеттер мен уақыттардың нақты бөлінуі;

  • әр санаттағы балалар мен ересектер қарым-қатынасында -табысқа жету жағдайын үлгілеу және жасау;

Лагерь заңдылықтары

  • Дәл уақытында жасау заңдылығы

  • Мейірімділік заңы

  • Достық заңы

  • Қауіпсіздік заңы

  • Біо-біріне қол ұшын беру заңы

Ұрандары

  • Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін

  • Бірінші орында – тәртіп

  • Әр істе біргеміз

  • Әр жұмысты шығармашылықпен, әйтпесе керегі не?

  • Қаншалықты қиын болса да соңына дейін жеткіз

  • Тазалық – денсаулық кепілі

«Достық» мектеп жанындағы лагердің негізгі ұстанымдары:

  • Ұжымда қуаныш сезімін, бір-біріне деген сенімділік жағдайын қалыптастыру;

  • Даму және біліктіліктік қабілеттерін ашу;

  • Жасына, жынысына қарай балаларды жинақылыққа тәрбиелеу;

  • өз іс әрекетіне жауапкершілікпен қарау қабілеттерін қалыптастыру;



Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру түрлері

Оқушылардың жазғы демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру мақсатында «Достық» деген бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіледі. Барлық оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ өз жұмыс жоспарын жалпы жоспарға сүйене отырып жасайды. Орталық «Достық» аралы болып табылады. Әр күні істелінген жұмыстар мен өткен сайыстар бағаланып лагердің соңында жеңімпаз топтар марапатталады.



Лагерде 8 үйірме жұмыс істейді.




Үйірменің аты




Жетекшісі

1

Қолөнер




Макенова Г. У

2

Алғырлар мен тапқырлар



Оспанова С.С

3

«Көңіл айнасы» клубы



Сағынтаева Ш.К

4

Театр



Сагитова Д.М

5

«Ұлттық ойындар» үйірмесі



Батаева Ү.Е

6

«Каля – маля» сурет студиясы



Абдраманова М.Т.

7

«До-ми-соль» ән студиясы



Шаихова Б.Б

8

«Спорт» үйірмесі



Куандыков С.М


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет