Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
МТҚ

Бақылау сұрақтары: 
1. Өтініштің ерекшелігі? 
2. 
Жұмыс 
жүргізу 
барысында 
еңбек 
қатынастарын
рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімін атаңыз. 
 
Тақырып №10 
Мінездеме
Мінездеме 
– 
қызметкердің 
қызметтік, 
қоғамдық 
әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен 
моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. 
Қазіргі кезде ол мемелекеттік емес мекемелерде сирек 
қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, 
қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және 
басқа жағдайларда қажет болады.
Мінездеме мәтінінің логикалық байланыстағы бөлімдерін 
атап көрсетелік.
Басқы бөлім 
– анкеталық мәлеметтер (аты-жөні, туған 
жылы, білімі, т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер 
құжат атауынан бір жоларалық төменге басылады.
Екінші бөлімде 
– еңбек қызметі туралы мәліметтер 
(мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, 
т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады. 
Үшінші бөлімінде 
– қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы 
тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі. 
Қорытынды бөлімінде 
тұжырымдама және мінездеменің 
берілу мақсаты жазылады.
Мінездеменің құрылымы: 

тақырыбы; 

мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет; 

негізгі мәтін; 

қорытынды; 

мінездемені талап етуші ұйымның аты; 

мінездеме берілген мерзім; 


37 

мінездеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы; 

қосымша. 
Үлгі 
Мінездеме
А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің
қазақ тілі кафедрасының оқытушысы
Көпеева Сәния Қанатқызына 
1967 жылы туған. Білімі – жоғары. 
Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы. 
Еңбек өтілі – 18 жыл. 
Көпеева Сәния Қанатқызы А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау 
университетінің 
қазақ 
тілі 
кафедрасының 
оқытушысы болып 1994 жылы 15 тамызда қабылданды. 
Жұмыс барысында Сәния Қанатқызы өзін оқу 
әдістемесін жақсы игерген білікті маман ретінде көрсете білді. 
Сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді, 
қазіргі сабақ жүргізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін практика 
жүзінде белсене қолданады. Бірнеше рет жоғары оқу 
орындары 
арасындағы 
семинар-тренингтерге 
қатысып, 
шеберлік 
кластарын 
өткізді. 
Біліктілікті 
жетілдіру 
курстарынан жоспарға сай өтіп тұрады. Өзінің іс-тәжірибесін 
Республикалық 
басылымдарға 
жариялап 
тұрады 
және 
ғылыми-әдістемелік конференцияларда үнемі баяндамалар 
жасайды. Көкшетау университетінде өтетін республикалық 
«Шоқан тағылымы» атты ғылыми конференцияға жыл сайын 
қатысады. Жұмыс істеген жылдары 25 ғылыми-әдістемелік 
мақаласы жарияланды. 
Көпеева С.Қ. кафедраның тәрбие жұмыстарына да 
үнемі белсене қатысады, сонымен қатар студенттермен жеке 
оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады.
Сәния Қанатқызының мінезі салмақты, жауапкершілігі 
жоғары, өзіне де өзгеге де талап қоя біледі. Берілген 


38 
тапсырмаларды 
уақытында 
үлкен 
жауапкершілікпен 
орындайды. 
Сондықтан 
студенттер 
мен 
әріптестерінің 
арасында ізетті де білкті маман ретінде құрметке ие. 
Мінзедеме аға оқытушылық лауазымына өту үшін 
берілді. 
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі:
қолы
Б.К.Омарова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет