39
Қызметтік қарым-қатынастағы сияқты, жеке адамдардың
ұйымдармен қарым-қатынасында да (немесе керісінше) құжат
жанрларының белгілі бір түрлері бар. Оларды
жеке
құжаттар
деп атау қалыптасқан. «Жеке» деп аталатын
себебі, олар жеке адамның атынан жазылып, жеке адамға
арналады, немесе соған тиісті болып келеді.
Көкшетау қаласының әкімі
А.Ғ.Хасенов мырзаға
Абай көшесі, 27-үй, 12-пәтер
тұрғыны А.Ж.Қуандықовадан
АРЫЗ
Сізге арыз беру себебім – менің пәтерімде 16 қарашадан
бүгінгі күнге дейін жылу жоқ. Осы мерзім ішінде жылу
қызметкерлері Ә.М.Асанов, М.С.Луганов
(«Техноконтракт» АҚ), ПИК төрайымы
А.П.Мейрамованың қатысуымен жасалған акт
көшірмелерін ( 18.11.2000 ж., 10.12.2000 ж.) қоса
тапсырамын.
Айтылғандарды ескеріп, нұсқау беруіңізді сұраймын.
00.00.00
қолы
А.Ж.Қуандықова
Достарыңызбен бөлісу: