Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
МТҚ

Бақылау сұрақтары: 
1. Шешім дегеніміз не, кімдер шығарады? 
2. Шешім қандай кезде шығарылады? 
3. Шешімге кімдер қол қояды? 
 
Тақырып №6 
Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Акт.
Анықтама-ақпараттық құжаттардың бірі – 
акт
. Акт – бір 
топ адамның (көбіне комиссияның) белгілі бір фактіні не 
оқиғаны 
растап 
қол 
қоюы. 
Мекеме 
жетекшісінің 
тағайындалуымен құрылған тексерушілер тобы және
жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Актілердің 
бірнеше 
түрлері 
кездеседі. 
Олар: 
материалдық 
құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап 
алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу
т.б. 
Құжатта акт жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде
жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары актіде 
белгіленбейді. Тексеруші топ мүшелері тегіс қол қояды. 
Кейбір актілерге мекеме жетекшісі қол қояды және мекеме 
мөрі басылады. Актінің мәтіні екі бөліктен: кіріспеден және 
белгілеуші бөліктен тұрады. 


64 
Кіріспеде актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның 
нөмірі, 
күні 
көрсетіледі. 
Әрмен 
қарай 
лауазымдары 
көрсетілген комиссия құрамы, сондай- ақ тексеру кезінде 
болған адамдар тізімі аталады.
Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат-
міндеттері, 
мәні 
баяндалып, 
айқындалған 
фактілер 
ресімделеді. Акт қабылдаушы мен жазылған дананың саны 
туралы мәліметтер жазылады. Комиссия мүшелері түгел қол 
қойып, келіспеушіліктер болған жағдайда өз пікірлерін бөлек 
параққа баяндай алады. Болған оқиғаның орны мен күні, кей 
жағдайда жазылған уақыты сәйкес болуы тиіс. Актінің кейбір 
түрлері белгілі тәртіп бойынша бекітіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет