Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет61/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
МТҚ

Бақылау сұрақтары: 
1. Сенімхат қандай құжат? 
2. Сенімхат қайда куәландырылады? 
3. Сенімхаттың құрылымы қандай? 
4. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады? 
5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды? 
 
Тақырып №12 
Анықтама 
Анықтама – 
қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны 
сипаттап растайтын құжат.
Ұйымдар жеке адамдарға басқа ұйымдарға тапсыру үшін 
қандай да бір ресми мәліметтерді растайтын құжат түрінде 
анықтамаларды жиі береді.
Анықтама 
беретін 
ұйымның 
тізбелері 
әдетте 
бұрыштама штампта немесе баспаханалық үлгідегі бланкіде 
сақталады. Құжат атауы, берілген уақыты және лауазымды 
адамның қолы – бұлар деректеменің жиынтығын құрайды. 
Құжат мәтінінде мынадай мәліметтер беріледі: анықтама 
берілген адамның аты-жөні; қажетті мәліметтер (кім болып 
істейді, жалақысы, көлемі, т.б.) анықтаманы қажет ететін 
ұйымның атауы. Анықтаманың заңдық күші ұйымның 
мөрімен расталады.
Үлгі 
Анықтама 
Қалалық №4 емханаға 
00.00.00 ж. № 00 Көкшетау қаласы
Аманжолова Сәуле Маратқызы 2011 жылдың 14
қаңтарынан бастап «Тыныс» АҚ- да бас маман болып
жұмыс жасайды. 
Қызметтік айлық жалақысы 57500 теңгені құрайды. 
Бас директор: А.А.Аймурзин 


79 
Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды 
адамның 
нұсқауымен 
жазылады. 
Ол 
қажет 
ететін 
мәліметтерден тұрады. Ұсыныс, қорытынды болмайды. 
Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға соны жазушы адам қол 
қояды, жоғарыға жіберілетін анықтамаға мекеме басшысы қол 
қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет