Қазақстан республикасы білім және ғылым


Тақырып бойынша тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет59/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
МТҚ

 
Тақырып бойынша тапсырмалар: 
1. Өз өмірбаяныңызды жазыңыз. 
2. Сіңіліңіз «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық 
олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Оған 
өмірбаян жазуға көмек көрсетіңіз. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Өмірбаян қандай құжат түріне жатады? 
2. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады? 
3. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады? 


76 
Тақырып №11
Сенімхат 
Сенімхат – 
белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен 
құқығы екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын 
құжат. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін 
пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша 
аудару, т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй алмастыру, басқару, 
сыйлық алу, автокөліктерді сату, ауыстыру, т.б. әрекеттерді 
сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады.
Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі 
есеп-шотқа иелік етуді, т.б. сеніп тапсыруға болады. 
Сенімхаттың мәтіні мындай мәліметтерді қамтиды: 
1) сенімхат иесінің аты-жөні, қызметі (қажет жағдайда) 
және мекен-жайы; 
2) сеніп тапсыратын өкілеттіктері мен құқықтарының дәл 
ауқымы; 
3) сеніп тапсырған адамның аты-жөні, оның қызметі 
немесе мекен жайы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын 
құжаттың (куәліктің) нөмірі, кім бергені, қашан бергені; 
Үлгі 
Сенімхат 
Көкшетау қаласы 00.00.0000 ж. 
Мен, Қожабаева Гүлзада Ғалымжанқызы, Бабажанова
Ғалия Есенқызына (Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі,
91а, 16-пәтер, жеке куәлік № 000732824 00.00.00ж. ҚР ІІМ
берген) менің № 3 қазақ орта мектебінің технология 
пәнінің мұғалімі қызметіндегі 00 ж. қаңтар айындағы
жалақымды алуына сенім білдіремін.
Қолы
Г.Ғ. Қожабаева 
Г.Ғ. Қожабаеваның қолын растаймын. 
Кадр бөлімінің инспекторы:
қолы
Д.К. Қасымова 


77 
4) сенімхат әрекетінің мерзімі. 
Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға 
немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық 
тұрғыдан куәландырылуы қажет. Кей жағдайда қойылған 
қолдар сенімхатта көрсетілген адамдар жұмыс істейтін 
мекемелердің 
кадрлық 
қызмет 
орындарымен 
де 
куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз 
қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімдік өкілге 
қандай құқықтар берілетені дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға 
келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы 
жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет