75
Үлгі
Өмірбаян
Мен, Тілемісова Тоғжан Тілеужанқызы, 1988 жылы
қыркүйектің 23 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз
қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
Әкем – Тілемісов Тілеужан, 1959 жылы Шығыс Қазақстан
облысы Аягөз қаласында дүниеге келген, жеке кәсіпкер.
Анам – Тілемісова Айғайша, 1960 жылы Шығыс Қазақстан
облысы Аягөз қаласында дүниеге келген, құрылыс инженері.
Өзім 1994 жылы Аягөз қаласындағы №58 орта мектептің 1
класына бардым. Аудандық физика, математика пәндерінен
өткен олимпиадалардың жеңімпазымын. №58 орта мектептің
9-класын 2005 жылы бітірдім. Сол жылы Алматы қаласындағы
Ортаазиялық техника-экономикалық колледжге экономика
мамандығы бойынша оқуға түстім. Қазіргі уақытта осы оқу
орнының 3 курсының оқушысымын. Қосымша мәліметтер:
ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) тілдерін білемін.
Арнайы курстан өту арқылы ЭЕМ бағдарламаларын
меңгердім.
Мекен жайым: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 13 үй.
25.02. 2011.
Қолы
Достарыңызбен бөлісу: