24
кезекті медтексерістен
өткізуге өтініш білдіріп, хат үлгісін
жазыңыз.
2.
Төменде екі хат араласып берілген. Біреуі –
ұсыныс хат,
екіншісі - құттықтау хат.
Екі хатты ажыратып,
қалпына
келтіріңіз.
1. Өз шешіміңіз туралы 1
апта ішінде хабарлауыңызды
сұраймыз.
2. Сіздің бұл салада өз жолыңыз бар.
3. Сізге түсетін ұсыныстар, шақырулар көп болсын.
4. «Super Star KZ» жобасын 2012
жылдың қараша айынан
бастап өткізу жоспарланды.
5. Сонымен қатар әнші қауым сізді білікті
музыкант, әнші
ретінде бағалайды.
6. Шын талант иелерінің жарыққа шығуына көмектесіңіз.
7. Үлкен концерт залының сахнасынан көрейік.
8. Шын талант иесі екеніңізді дәлелдедіңіз.
9. Біз сізге сарапшылар төрағасы болуды ұсынамыз.
10. Өнер саласындағы алғашқы қадамыңыз құтты болсын.
11. Біздің ұсынысымызды қабылдайды деп сенеміз.
1-хат
2-хат
3.
Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы
Ғ.А.Ахановқа «Өзге ұлт өкілдері
арасында мемлекеттік тілді
меңгеру» байқауына Денсаулық
сақтау басқармасынан
қызметкер ұсынылатындығы туралы ұсыныс хат жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: