25
Тақырып №7
Баяндау хат. Түсініктеме хат.
Баяндау хат
– ұйым басшысына қандай да бір мәселені
жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды мен ұсыныстарды
толығымен баяндайтын құжат.
Ұйымның өз ішінде баяндау хаттар қолмен жазылып,
жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі.
Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің
атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге
арналғаны көрсетіледі.
Есеп беру хатында тапсырма, нұсқау мен жарлықтардың
аяқталған кезеңі туралы баяндалуы тиіс. Баяндау хат
мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, компьютерде
теріліп, мекеме басшысы қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: