Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет63/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Жақын туыстары- ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апалы- сіңілілер (аға-қарындастар), ата- әже, немерелер.
Жалған неке- отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі- зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
Жауапкершілік- адам әрекетінің оның нәтижесінің моральдық нормаға сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
Жарыс қазан – екіқабат әйелдердің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым.
Жарыс қазан толғақ басталғанда жасалатын жоралғы.
Жасақ билік иесінің маңына топтасқан жауынгерлік отряд, әскери құрама.
Жасау ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.
Жат жұрағат - оныншы ұрпақ жұрағаттан туған бала, туыс, ағайын.
Жат мінез белгілі этносқа тән мінез-құлыққа үйлеспейтін, сырттан танылған мінез бітісі.
Жаушы алғаш құдалық хабарын жеткізуші елші хабаршы.
Жаушыға жүру қалыңдыққа сырттай ен тағып айттыруға кісі жіберу.
Жаһаннама жаһантану шежіресі.
Жеті ата кісінің өз әкесінен бастап жетінші атасына дейінгі қандас туыстың аты.
Жеті жарғы – Қазақстан құқық нормаларын белгілеген Тәуке ханның заң жиынтығы.
Жеті жарғы – хандық дәуіріндегі ел билеу заңдарының жинағы.
Жеті қазына ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті шәріп Мекке шәріп, Мәдине шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қытым шәріп, Құддыс шәріп, Кәләм шәріп (Құран).
Жиен тұрмысқа шыққан қыздан туған ұл мен қыз.
Жиеншар жиеннен туған бала.
Жолаяқ жол жүруші адамға жүрер алдында жол болсын деп жасайтын кішігірім той-томалақ (ырым).
Жомарттық- жомарттық дегеніміз- қандайда бір игілікті істі шын көңілден әрі одан да пайда ойламай, қайтарымсыз істеу. «Жолықсан біздің жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне, қонаққа жалғыз атын сойып беріп, жүген ұстап қалады ертесіне» деп бір дана адам айтпақшы, ата-бабаларымыз: «Жомарт дос көбейтеді, сараң мал көбейтеді»-деп жомарттықты дәріптеп,сараңдықты жамандаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет