Бесік жасы – туғаннан 7 айға дейінгі жас кезеңі.
Бесікке салар – нәрестені алғаш бесікке бөлеумен байланысты ырым.
Беташар – дәстүр бойынша жаңа түскен келіннің бетін ашарда айтылатын өлең-жыр. Ол жас келінге еңбекқор, бауырмал, кішіпейіл, ізетті, инабатты бол, үлкенді, жолдасыңды сыйла деген сияқты моральдық нақылға құрылады.
Би – дау-жанжалға билік айтушы сот. Ол этнографиялық әдет-ғұрып заңдарын жетік білуі, тапқыр, шешен болуы керек. Бөле би – екі елдің дауын ру басы билер шеше алмағанда билердің жүгінісетін еларалық жоғарғы сот.
Балалық щақ- кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай- күйі
Бүліктің шарттық режимі- ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
Бейюрисдикциялық- отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері.
Басымдылық-ұрыс-керістіболдырмаудың негізгі әдісі бола отырып, сонымен бірге оларды туғызу құралы болып табылады.
Билер сөзі – дуалы, жұртқа әділ билік айтатын кісінің сөзі.
Биосфералық үрдіс – аспан әлемінде болатын атмосфералық өзгерістер.
Бозбала – бойдақ, жігіт-желең, 12-15 жасар ересек.
Бой жасау – өнер алдында ауру адамның бір сәт сергуі, аурудан айыққандай сезінуі.
Бойжеткен – кәмелетке толған, ер жеткен қыз.
Бойкүйездік – мойны жар бермеу, енжар, еріншектік.
Бойтұмар – тіл-көзден сақтау үшін дұға жазылған үш бұрышты былғарыға тігілген қағаз.
Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалықдайындау жүйесі – оқыту мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері мен тәсілдері арқылы жүзеге асыратын өзара байланыстарды, бірін-бірі толықтыратынэтнопедагогика сипаттағы ықпалдардың жиынтығы.
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық іскерлігі – олардың педагогикалық практика кезінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру бойынша іс-әрекеттің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |