Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет1/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy
Бут академическое письмо, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, жарат, жарат, жарат, ОПИСЬ 2020-2021, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, жарат, жарат, Педагогикалық кейстер 7, 500 әдіс-тәсіл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Ибраимова Л.Н., Абдикеримова П.Ж., Алиева П.С.


ҚАЗАҚ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
оқу құралы

Тараз 2016


ӘОЖ 37.018

И 15


Пікір жазғандар:

Ж.Т. Сарыбекова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. К.Б. Сматова – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Г.Т. Жылқыбекова- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Қазақ отбасы тәрбиесі: Оқу құралы/ Ибраимова Л.Н., Абдикеримова П.Ж., Алиева П.С./ Тараз: ТарМПИ, 2016- 160 б.


ISBN 978-9965-37-360-2


Оқу құралында қазақ отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері қарастырылып, мазмұны ашылған. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және мектепте отбасы тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі мазмұндалған.
Оқу құралы ЖОО педагогикалық мамандық студенттеріне, магистранттарға, оқытушыларға және жалпы бала тәрбиесімен айналысатын көпшілікке ұсынылады.


ӘОЖ 37.018






ISBN 978-9965-37-360-2

© Ибраимова Л.Н., Абдикеримова П.Ж., Алиева П.С., 2016
© ТарМПИ, 2016

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына арналған Стратегиясында «Бізге жергілікті деңгейде отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет» делінген.


Бұл стратегиялық міндетті шешудің жаңа жолдарының бірі қазіргі отбасылық тәрбиені жақсарту, ол үшін қазақ халқының отбасылық тәрбиесін ұлттық құндылық ретінде жандандырып, оны әрбір отбасына ендіру қажет. Қазақ халқынмда отбасылық тәрбие халықтық педагогика арқылы жүзеге асырылған. Отбасылық тәрбие – ұлттық тәрбиенің негізі, ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, адамгершілігі мол, сұлу да сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі.
Қазіргі қазақ қоғамында отбасы тәрбиесіне байланысты проблемалар кеңінен орын алып отыр. Олар:ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін және дінін білмейтін жастар; тастанды жетім балалар мен «қиын» балалар; қарттар үйлерінде жылап отырған әжелер мен аталар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; жезөкшелік; көргенсіз және тәртіпсіз қыз бен ұл, олардың түрлі қылмыс жолына түсуі; жұмыссыздық; темекі шегу, нашақорлық, маскүнемдікке салыну; ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі т.б.
Біздіңше, осы аталған қайғылы құбылыстар мен қасіреттерден құтылудың, оларды болдырмаудың ұзақ та қиын бір ғана жолы бар, ол қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескеріп және оларды басшылыққа алып, бүкіл халқымызға, әсіресе қазіргі және болашақтағы ұрпағымызға отбасында ұлттық тәрбие беру.
Сондықтан отбасында тәрбиені ұлттық негізде беруге жастарды, болашақ ата-аналарды, педагогтарды дайындауға бағытталған жұмыстар өз уақытысында және жеткілікті дәрежеде жүргізілуі тиіс.
«Қазақ отбасы тәрбиесі» оқу құралы осы мәселелердің шешімін табуға септігін тизеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет