Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет6/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy
Бут академическое письмо, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, жарат, жарат, жарат, ОПИСЬ 2020-2021, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, жарат, жарат, Педагогикалық кейстер 7, 500 әдіс-тәсіл
Некелік шарт. Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп некеге тұратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай-ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай -ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі-зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі- зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір-біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу-некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.
Некені тоқтату және оның негізі. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

  • ерінің қайтыс болуы;

  • соттың ерлі -зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

  • некенің бұзылуы (ажырасу).

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өлім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы некені қалпына келтіре алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет