Мәдени мұра- әр халықтың және барлық адамзаттың рухани және материалдық өмір аясындағы байлығы.
Мәдени және лингвистикалық плюрализм- елдегі этностар және этникалық топтар мәдени- тілдік мүдделері мен ерекшеліктерін есепке алу.
Материалдықжағдай- жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қаблетін жоғалту дәрежесе, отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;
«Н»
Намыс- адам қасиеттерінің арқау. Намыс –адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол –«мен, мен»- дегенсәби намысы, өзін-өзібіле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы, азаматтық намыс, ұлттық намыс,. Демек, намыстың ауқымы кең. Қазақ –намысщшыл халық. Оның «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалы намыстың не екендігін ұқтырғандай.
Намыс– жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерінің бірі.
Наным-сенім– қандай да бір нәрсеге рухқа табыну, сену.
Наурыз– мұсылман елдеріндегі жаңа жыл.
Наурызбата–наурыз тойында өсім-өнімге, табиғатқа байланысты жасалатын бата.
Нашарбала – жаңа туған қыз бала атауының бір түрі.
Некеқияр– үйленуші жастарға дін жолымен оқылатын дұға. Ерлі- зайыптылардың қосылуын дін-шариғат жолымен заңдастыру.
Немене– алтыншы ұрпақ, шөпшектен туған бала.
Несібе– сыбаға, ризық, үлес.
Негізгітұлға- осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстанын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы.
Неке жасы- адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;
Неке- ерлі –зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тіртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ;
Неке жасы- адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;
«О»
Отбасы–некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтынмүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;