Пітір – ораза айында жан басынан алынатын діни салық.
Педагогикалық- психологиялық тұрғыда отбасы- ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және де басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Патронат- уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;
«Р»
Репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қаблетін көрсететін дене саулығы;
Рәсімдер- Игі іс-әрекетің ұлттық көрінісі.
Рәміздер- Этностық (ұлттық) белгілер мен жоралғылар (Таңба, белгі, ту т.б)
Репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қаблетін көрсететін дене саулығы;
«С»
Салт- ұлттық дәстүрдың берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, этностық тіршілік.
Салт-сана- Әдептің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың халыққа, халық санасына сіңіп, ұлттық мәнде көрінуі.
Сенімдер- Дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешегіне сену, көрегендікке бейімдеу.
Сәби – 14 айдан 3 жасқа дейінгі бала.
Сәжде – намаз оқып, құдайға құлшылық қылғанда жаятын мата, жайнамаз.
Сәлем қылу –қазақ келіндеріне тән үлкендерге (ата-енеге, қайнаға, т.б.) білдіретін ізеттілік белгісі.
Сәлемдеме – біреу арқылы беріп жіберетін аманат нәрсе.
Сәлемдесу түрлері – әр түрлі жас мөлшеріндегі кісілерге (қарт адам, әйел, ана, т.б.) жасалатын амандасу рәсімдері.
Сән – адамға жарасымды өң беріп, жайнатып жіберетін көрік.
Сәресі – ораза кезінде аузы берік адамның таң алдындағы ішетін асы.
Сәуегей – алдын-ала болжай алатын, көріпкел кісі.
Сәулет өнері – архитектура.
Сегіз қырлы бір сырлы – жан-жақты, өнерпаз, бесаспап жігіт.
Достарыңызбен бөлісу: |