Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет73/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Сендіру балаға педагогикалық тұрғыда әсер етудің тиімді әдістерінің бірі. Ол баланың өз күшіне сенімін арттырып, оқуға деген ынта-ықыласын тудырады.
Серменде сенделіп, босқа жүретін адам.
Серне – бірнеше адамның бірігіп мал сойып жеуі, басқосу салтанаты.
Сері сәнді киініп, салдық құратын өнерлі кісі.
Соғым басы – соғым сойған үйдің көршілері мен ауылдың үлкендерін шақырып ас беруі.
Сойғақ зираттың басына белгі ретінде қойылатын таяқ, діңгек ағаш.
Сопы – дін жолына түскен құдайшыл адам.
Сөзі дуалы айтқаны келетін киелі қария.
Сұрау салу – хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеу. Сүйек жаңғырту – қайтадан қыз беріп құда болу. Сүйекші өлікті жерлеуші, қоюшы адам.
Сүйінші – жақсылықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық, жоралғы.
Сүндет той сүндетке отырғызылған балаға жасалатын той.
Сүндетке отырғызу ер балаға мұсылман болудың белгісі ретінде жасалатын рәсім.
Сүт кенже ең соңғы туған бала.
Сыбаға құрметті үлкен адамдарға арнап сақталатын тағам-ас.
Сыңсу – ұзатылған қыздың туған-туыс, ел-жұртымен жылап қоштасуы.
Сыралқы аңшы, егіншіден, т.б. кәсіпкерлерден алынатын үлес, олжа, сый.
Семья- некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
Суррогат ана- суррогат ана мне ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.
Суррогат ана шарты- балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
Сот арқылы қорғау- отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады.
Сырымта біреудің малын өз малына қосып алу, сіңіріп кету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет