Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет75/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Тобыр топталған, жиналған қалың топ.
Тозақ о дүниеде өлгендердің рухын азаптайтын жазалау орны.
Той бастар ұзатылатын қыздың тойында айтылатын кәделі өлең- жыр.
Тоқымқағар отбасының, ауыл адамдарының жол жүрерде не жас балаға алғаш рет атқа мінерде жасалатын рәсім.
Төркін тұрмысқа шыққан қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты.
Төркіндеу – тұрмысқа шыққан әйелдің әке-шешесі мен туыстарының ауылына қыдырып іздеп бару рәсімі.
Төсек жаңғырту екінші рет үйлену.
Туажат жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.
Туыс-тума бір атадан тараған жақын, туысқан, ағайын-жекжат.
Тұл отасқан ері өлген не айырылысып кеткен, баласы жоқ жесір әйел.
Тұлдау – ел қорғаған батыр, қадірлі азамат қайтыс болғанда істелетін қаралы дәстүр. Шаңыраққа қара ту байлау, қара жамылу.
Тұмар жас баланы тілден, көзден сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған үшбұрышты дұғалық қағазы.
Тұсау кесу жаңа жүре бастаған баланың тез жүріп кетуі үшін жасалатын ырым, дәстүр.
Түсіндіру оқу-тәрбие үрдісінде балаға білімді меңгерту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдің түрі.
Тіл қисыны аз сөйлеп, көп мағына беретін ой түйіні, адам тіршілігі үшін қажетті өнер салалары.
Тілашар баланы молдаға бергенде төленетін ақының түрі.
Тісқаққан өмірді көрген, тәжірибелі адам.
Туыстық- бір негізден немесе бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы.
Тікелей туыстық- адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді.
Толық туыстар- бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа- қарындастар.
Толық отбасы- ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынанда шешесі жағынанда аға ұрпақ өкілдері атасы немесе әжесі болуы.
Толық емес отбасы- балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет