Тобыр – топталған, жиналған қалың топ.
Тозақ – о дүниеде өлгендердің рухын азаптайтын жазалау орны.
Той бастар – ұзатылатын қыздың тойында айтылатын кәделі өлең- жыр.
Тоқымқағар – отбасының, ауыл адамдарының жол жүрерде не жас балаға алғаш рет атқа мінерде жасалатын рәсім.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздың туған-туысқаны, ел-жұрты.
Төркіндеу – тұрмысқа шыққан әйелдің әке-шешесі мен туыстарының ауылына қыдырып іздеп бару рәсімі.
Төсек жаңғырту – екінші рет үйлену.
Туажат – жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.
Туыс-тума – бір атадан тараған жақын, туысқан, ағайын-жекжат.
Тұл – отасқан ері өлген не айырылысып кеткен, баласы жоқ жесір әйел.
Тұлдау – ел қорғаған батыр, қадірлі азамат қайтыс болғанда істелетін қаралы дәстүр. Шаңыраққа қара ту байлау, қара жамылу.
Тұмар – жас баланы тілден, көзден сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған үшбұрышты дұғалық қағазы.
Тұсау кесу – жаңа жүре бастаған баланың тез жүріп кетуі үшін жасалатын ырым, дәстүр.
Түсіндіру – оқу-тәрбие үрдісінде балаға білімді меңгерту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдің түрі.
Тіл қисыны – аз сөйлеп, көп мағына беретін ой түйіні, адам тіршілігі үшін қажетті өнер салалары.
Тілашар – баланы молдаға бергенде төленетін ақының түрі.
Тісқаққан – өмірді көрген, тәжірибелі адам.
Туыстық- бір негізден немесе бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы.
Тікелей туыстық- адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді.
Толық туыстар- бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа- қарындастар.
Толық отбасы- ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынанда шешесі жағынанда аға ұрпақ өкілдері атасы немесе әжесі болуы.
Толық емес отбасы- балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |