Сендіру –балаға педагогикалық тұрғыда әсер етудің тиімді әдістерінің бірі. Ол баланың өз күшіне сенімін арттырып, оқуға деген ынта-ықыласын тудырады.
Серменде – сенделіп, босқа жүретін адам.
Серне – бірнеше адамның бірігіп мал сойып жеуі, басқосу салтанаты.
Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі кісі.
Соғым басы – соғым сойған үйдің көршілері мен ауылдың үлкендерін шақырып ас беруі.
Сойғақ – зираттың басына белгі ретінде қойылатын таяқ, діңгек ағаш.
Сопы – дін жолына түскен құдайшыл адам.
Сөзі дуалы – айтқаны келетін киелі қария.
Сұрау салу – хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеу. Сүйек жаңғырту – қайтадан қыз беріп құда болу. Сүйекші – өлікті жерлеуші, қоюшы адам.
Сүйінші – жақсылықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық, жоралғы.
Сүндет той – сүндетке отырғызылған балаға жасалатын той.
Сүндетке отырғызу – ер балаға мұсылман болудың белгісі ретінде жасалатын рәсім.
Сүт кенже – ең соңғы туған бала.
Сыбаға – құрметті үлкен адамдарға арнап сақталатын тағам-ас.
Сыңсу – ұзатылған қыздың туған-туыс, ел-жұртымен жылап қоштасуы.
Сыралқы – аңшы, егіншіден, т.б. кәсіпкерлерден алынатын үлес, олжа, сый.
Семья- некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
Суррогат ана- суррогат ана мне ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.
Суррогат ана шарты- балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
Сот арқылы қорғау- отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады.
Сырымта – біреудің малын өз малына қосып алу, сіңіріп кету.
Достарыңызбен бөлісу: |