Отбасының мүшесі – ері(құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары, (әкесі өлгенше), қыздары(тұрмысқа шығып кеткенше).
«Ө»
Өркениеттілік -1) қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2) мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф. Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.
Өзін –өзі бағалау әдісі- жеке тұлғаға өзі баға беруде, өз мүмкіндіктерін, қасиеттері мен басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Өзара әрекет талдау- бақылаудың бір түрі, оның көмегі арқылы адам мінез-құлқының ішкі көрінісі, коммуникациясын, ақпарат алмасуын, келісу мен келіспеушілік, ұжымдар мен жеке тұлғаға қатынасы зерттеледі.
Өзін-өзі тәрбиелеу – оқушы шәкірттің өз іс-әрекетіне, мінез- құлқына өзінің іштей баға беру арқылы мінезіндегі жетістік-кемшілігін бағалай отырып, жеке басына сын көзімен қарауы, мінезіндегі мінін түзеуге талпыныс жасауы.
Өлі-тірі – қалыңдықтың үйіне күйеу жағының алғаш апаратын дәстүрлі кәдесі. Ол тірі мал болуы керек. Қыздың әке-шешесі ол малды сойып, аруақтарды еске түсіріп, үлкендерге сыйға тартады.
Өнерпаз – қолынан алуан түрлі іс келетін, өнерлі, бесаспап кісі.
Өсиет – өзінен кейінгілерге айтылатын ақыл, кеңес, ғибрат.
«П»
Патриоттық тәрбие- -өскелең ұрпақта Отанына деген сүйіспеншілік, қорғау және туған елінің мүддесі үшін өзін құрбан ету сезімін қалыптастыру.
Парасаттылық- Парасат.... Адамның адамдығын, халықтың халықтығын, мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.
Парыз – адамға тән азаматтық борыш, қастерлі міндет.
Пән – үйрету, үйлестіру мақсатымен жүйеленген білім сапасы.
Періште жасы – 8-ден 11-ге дейінгі балалық шақ.
Психологиялық тұрпат – ұлт пен этностық қоғамдастықтың өкілдеріне тән ортақ жан-күйі.
Пілдия – діни әдет-ғұрып. Ақшалай, малдай жиналатын салық.
Достарыңызбен бөлісу: |