Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет70/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Отан, туған өлке- бабалардан жеткен, тағдырдың сыйы, әр адам үшін бірегей, өз халқының рухани мәдениеті және өткен тарихымен байланыстыратын туған жер.
Оқыту білім беру, белгілі бір кәсіпті меңгерту үшін іске асырылатын педагогикалық үрдістің түрі.
Олақ іске икемі жоқ ебедейсіз кісі.
Он сегіз мың ғалам – діни ұғым бойынша бүкіл дүниедегі жанды- жансыз табиғат жиынтығы.
Оң бата – кісіге айтылатын жақсы тілек.
Оң жақта отырған қыз жасы келіп, ұзатылғалы отырған қыз.
Ораза ашу таңертеңгі асын ішу.
Оразды басына жақсылық үйір, бақытты адам.
Отау жабар күйеудің шешесінен алынатын кәде.
Оташы сынған жерді орнына салатын дәрігер (хирург) адам.
Отбасы семья, жанұя, үйелмен сөздерінің синонимі.
Отбасы – қоғамның маңыздыәлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.
Отбасы- кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен , тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы- қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Отбасылық қатынастар- адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар.
Отбасылық жағдай- некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбачының басқада мүшелерінің болуы немесе болмауы;
Отбасылық құқық- отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Отбасының функциясы- бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі – зайыптылардың жынысты, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық ) қажеттерін өтеу.
Отбасы әлеуметтануы- отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б. зерттеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет