Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет68/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Қорғаншы (қамқоршы)- қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
Қорғаншылық (қамқоршылық)-кәмелет толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысандары.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде отбасы- неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ.
«М»
Мораль- (лат.moralis- әдет-ғұрып)- әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынасын айқындайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез- құлықтары нормаларының жиынтығы.
Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқынбағыттап қана қоймай оны бақылауға және бағалауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез- құлық үлгісі.
Моральдық сана- басқа да саяси, құқықтық, діни, эстетикалық сияқты адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық сана
формасы. Моральдық сана адам әрекетін, оның қоғамдық құбылысын,оларға өзінің жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіреді, оларды қажетіне орай мадақтайды немесе талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы.
Моральдық сезім- моральдық нормамен реттелетін жеке бастың өзінің қылығына және әрекетіне деген қобалжу.
Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму барысында көпшілік тарапынан қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық, принцип, категориялар)дәстүрдегі көрінісі.
Мүліктің шарттық режимі- ерлі –зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;
Мораль-адамдар мінез-құлқының нормалары, принциптері, ережелері, сонымен қатар, адамдардың бір-бірімен және қоғаммен қатынасының нормативті реттелуі көрсетілген мінез- құлқы, сезімі, пайымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет