Қазақстан республикасы білім және ғылым


Жол-жора – 1. Әдет, салт-дәстүр. 2. Азды-көпті сый-құрмет, ырым. Жол-жоралғы –



бет64/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Жол-жора – 1. Әдет, салт-дәстүр. 2. Азды-көпті сый-құрмет, ырым. Жол-жоралғы – салт-дәстүр, әдет бойынша берілетін ырым, кәде. Жұбату азалы адамға көңіл айту.
Жұмақ о дүниедегі рухтың рахат орны (пейіш).
Жұмалық жұма күні молдаға беретін қайыр-садақа, ақша (тамақ та берілуі мүмкін).
Жұрағат тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған бала.
Жүрежат сегізінші ұрпақ, туажаттан туатын бала.
Жылқы мінез өзгермелі құбылмалы адам.
Жігіт сипаты қазақ түсінігінде «сегіз қырлы бір сырлы адам».
Жігіт сыны жігітке қойылатын сын мен талаптар, кескін келбеті, қадір-қасиеті, қабілет икемін анықтау.
Жігіттің үш жұрты өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Жеке отбасы-бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі.
Жақын туыстары- ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апалы- сіңілілер (аға-қарындастар), ата- әже, немерелер.
Жалған неке- отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
«Е»
Ер мен әйел- отбасының іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасындаадамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.
«И»
Идеал- «Идеал- ұмтылысты қажет ететін, бірақ ешқашан жеткізбейтін, адам ақыл-ойына қажетті басшылық»(И. Кант). Мораль идеалы ол: жан- жақты, абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасындакемеліне келген қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.
Инициация- сол немесе басқа ұлыстарда бар әрекеттер топтамасы осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет