Қазақы қасиет – халықтың дархан кеңпейіл, қонақжай, той-думанға жаны құмар жомарттық қасиеттері.
Қайтатәрбиелеу– оқушының мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі жағымсыз қылықтарды әдет-дағдыларды қайталатпай, болдырмау мақсатында қолданылатын тәрбиенің пәрменді әдіс-тәсілі. Ол көбінесе тәрбиесіз кеткен балалармен балалар колонияларында арнайы жүргізілетін педагогикалық жұмыс түрі. А.С.Макаренко 1930 жылы
Балалар колонияларын құрып, бұзық балаларды еңбекте түзеу ісімен айналысқан.
Қайынбике– зайыбының туған әпкесі.
Қайындапбару– күйеудің қайын жұртына қонақ болып баруы.
Қайынсақ– қайын жұртына орынсыз бара беретін күйеу.
Қалау –сыйлы қонақтың кетерінде үй иесінен сұрап алатын ескерткіш заты, қолқалап сұрауы.
Қалжа– жас босанған әйелге, не аурудан тұрған адамға арнап сойылатын малдың еті.
Қалпе– қазіреттен кейінгі діни атақ.
Қалың мал– күйеу жағының қалыңдық үшін беретін мал-мүлкі.
Қалыңдық– біреуге атастырылған оң жақтағы қыз.
Қалыңдық ойнау– үйленгенге дейін қалыңдығымен жасырын кездесу.
Қамал-қорған– жаудан қорғану мақсатында жасалатын қабырғасы қалың, биік бекініс.
Қамшытастау– дауласқан, таласқан екі жақтың сөз сұрау белгісі.
Қанағатшылық– місе тұтушылық, барға риза болушылық.
Қаражамылу– ері, жанашыр жақыны қара орамал тартып, үстіне қара киім киіп, қайғысын көпке білдіруі.
Қарашаңырақ– әке-шешенің түтін түтетіп отырған үйі.
Қарашығын– жергілікті әкімдердің «уақ-иүйек шығынға» деп жинайтын алым-салығы.
Қарғабау– құдаласқан адамдардың бір-біріне беретін сый-сияпаты.
Құдалық белгісі.
Қарғау- үлкендердің салт-дәстүрді бұзушы жастарға риза болмай назалануы.