Қарғы бау – қыздың әек-шешесіне құда болғандығы үшін берілген төлем.
Қарғыс – біреуге айтылған жаман тілек. Қарын шаш – баланың іштен туғандағы шашы. Қирағат – құранды мақамдап оқу.
Қоғамдық сана – белгілі бір қоғам адамдарына ортақ сана. Қожа – ислам дінін таратушы, солардың ел ішіндегі өкілі. Қой мінезді – жуас, сабырлы кісі.
Қол бала – барып кел, алып келге жұмсайтын бала.
Қолқа – дос, туыс, жолдас адамдардың бір-бірінен нәрсені қалап алуы.
Қолқа салу – тамыр адамның бір бірінен өз керегін сұрап алу.
Қонақ кәде – қыдырып келген қонақтың үй иесі мен отбасы мүшелеріне өнер көрсетуі (ән салу, күй шерту, ертегі айту, т.б. өнерін марапаттау).
Қоныс – малды ауылдың жылда қонып жүрген жайлы орны.
Қоныстой – жаңа үйге кіруге арналған той жиыны.
Құбыла – намаз оқитын кезде бет қарататын жақ. Оңтүтік батыс бағыт (ол Меккенің орналасқан бағытын білдіреді).
Құда-жекжат – ілік-шатыс, құда адамдар.
Құдайы қонақ – жол жүріп келе жатқан адамның танымайтын үйге келіп қонақ болуы.
Құдалыққа бару – біреудің бойжеткен қызына құда түсуге бару.
Құқ – ерік. Сенің оқуға еркің бар.
Құқық – еркіндік. Сенің оқуға, демалуға еркіндігің бар.
Құқықтану – еркіндік туралы ғылым. Құқықты қорғау – еркіндікті қорғау. Құқықтық әдеп – еркіндіктің әдептегі көрінісі.
Құқықтық ғылым – еркіндік, теңдік, бостандық, саналы ерік туралы ғылым.
Құқықтық дәстүр – еркіндіктің әдепке, әдет-ғұрыпқа айналып қалыптасуының көрінісі.
Қазіргі заман отбасы-ерлі –зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары)да кіреді. Құқықтық институт ретінде отбасы- туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |