Суррогат ана- суррогат ана мне ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.
Суррогат ана шарты- балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
Семья- некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
«Т»
Табандылық- қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жігерлік таныту.
Тыйымдар- Жамандыққа қарсыжасалынатын әрекет, тәлім – тәрбиелік заңды нұсқау, тәртіптілікке үйрету.
Тәрбие- ұрпақтан-ұрпаққа мәдениетті табыстаудың мақсатты процесі.
Тәрбие жүйесі- 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсаттары, субьектілері, олардың қызметтері, байланысы, қарым-қатынасы, материалдық базасы) өзара іс-әрекеті процесінде туындайтын және ұжымның тұрмыс салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті сипаттамалардан тұратын тұтас әлеуметтік ағза;
2) өзінің басты қызметі –тәрбиеге қатысты реттелген, ашық әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.
Тәрбиелілік- тәрбие нәтижелілігінің барынша жалпы көрсеткіші.
Тәрбие процесін бағалау критериясы- өлшем, эталон- тәрбие процессі элементтеріне тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін, тәрбие нәтижелерінің көздеген мақсатқа сәйкестігінің өлшемі.
Тәлім – үлгі-өнеге, тәрбие.
Тәлімгер – жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысы бар (әке-шеше, мұғалім т.б.) адамдардың отрақ атауы.
Тән қуаты – адам денесінің, оның саулығының өлшемі.
Тәу ету – қасиетті деген нәрсеге бас ию, маңдайын тигізу, тағзым ету.
Тәубе – шүкіршілік ету, барға қанағат ету өлшемі.
Тәурат – еврейлердің діни кітабы (Библия).
Телім – үлес, сыбаға, тиесі.
Теріс бата – риза болмағанда қолдың сыртын жайып, қарғыс айту.
Достарыңызбен бөлісу: |