Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет78/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Төркін- тұрмысқа шыққан қыздың туыстары

Қосымша №3


Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Бойымдай бой табылса да, Ойымдай ой табылмас.
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз, Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді, Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.
***
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
***
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
***
Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы.
***
Бала, баланың ісі шала.
***
Балам – балым,
Баланың баласы – жаным.
***
Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер.
***
Атаның көңілі балада, Баланың көңілі далада.
***
Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
***
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар, Бұршақ жауса, басын қорғар.
***
Жалғыз түйе бақырауық, Жалғыз бала жылауық.
***
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
***
Бала – ананың бауыр еті.
***
Бала қадірін балалы болғанда білерсің.
***
Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар.
***
Бала – бауыр етің.
***
Балаға пышақ бермесең бір жылар, Берсең екі жылар.
***
Ат болатын тай саяққа үйір, Адам болатын бала қонаққа үйір.
***
Ат болатын құлынның, Бауыры жазық келер. Адам болар баланың, Маңдайы жазық келер.
***
Отыз ұлым болса да орны басқа.
***
Немере етін жеп, сүйегін берер.
***
Бас екеу болмай, Мал екеу болмас.
***
Сүйгенін шұнағым дейді.
***
Сұлу, сұлу емес, Сүйген сұлу.
***
Көш жүре түзеледі.
***
Жылы – жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады.
***
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады, Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
***
Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды.
***
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
***
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
***
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Аталастың аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын.
***
Қарға тамырды қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
***
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайың жұрттың міншіл келеді.
***
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
***
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
***
Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың.
***
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
***
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
***
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
***
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
***
Ағаның үйі – ақ жайлау.
***
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
***
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
***
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет