Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет72/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Пітір ораза айында жан басынан алынатын діни салық.
Педагогикалық- психологиялық тұрғыда отбасы- ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және де басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Патронат- уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;
«Р»
Репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қаблетін көрсететін дене саулығы;
Рәсімдер- Игі іс-әрекетің ұлттық көрінісі.
Рәміздер- Этностық (ұлттық) белгілер мен жоралғылар (Таңба, белгі, ту т.б)
Репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қаблетін көрсететін дене саулығы;
«С»
Салт- ұлттық дәстүрдың берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, этностық тіршілік.
Салт-сана- Әдептің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың халыққа, халық санасына сіңіп, ұлттық мәнде көрінуі.
Сенімдер- Дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешегіне сену, көрегендікке бейімдеу.
Сәби 14 айдан 3 жасқа дейінгі бала.
Сәжде намаз оқып, құдайға құлшылық қылғанда жаятын мата, жайнамаз.
Сәлем қылу қазақ келіндеріне тән үлкендерге (ата-енеге, қайнаға, т.б.) білдіретін ізеттілік белгісі.
Сәлемдеме біреу арқылы беріп жіберетін аманат нәрсе.
Сәлемдесу түрлері әр түрлі жас мөлшеріндегі кісілерге (қарт адам, әйел, ана, т.б.) жасалатын амандасу рәсімдері.
Сән – адамға жарасымды өң беріп, жайнатып жіберетін көрік.
Сәресі ораза кезінде аузы берік адамның таң алдындағы ішетін асы.
Сәуегей алдын-ала болжай алатын, көріпкел кісі.
Сәулет өнері архитектура.
Сегіз қырлы бір сырлы жан-жақты, өнерпаз, бесаспап жігіт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет