Тақырыбы: «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ»
(Үлгілі отбасымен кездесу)
Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ата - ана мен баланың өзара қарам - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы.
Мұғалім:Құрметті қонақтар, ата- аналар, оқушылар, мұғалімдер! Бүгінгі «Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек ана – ақбұлақ» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
“Отбасы- адамзат бесігін тербеткен ұя” болса баланың бас ұстазы ата- анасы. Бала- әкеден ақыл, анадан-мейір алды. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Бүгінгі кешіміз ата-аналар сіздерге арналады.Олай болса бүгінгі кешімізді бастайық. Бүгінгі кешіміздегі ата-аналар мен оқушыларды топқа бөлу. (түстерге бөлу арқылы)