“Отбасындағы қатігездікке
жол жоқ”
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана – отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала – адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген.
ҚАТІГЕЗДІК «Қатыгездік – адам мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет» дейді ғылым. Кеңірек тәпсіріне үңілсек, жеке адамдар немесе адамдар тобына қастандық, қиянат, зорлық-зомбылық жасауды білдіреді. Қатыгездік ұғымы термин ретінде құқықтану мен криминологияда көп жағдайда жан-жануарлар мен балаларға қатысты қолданылады. «Қоғам» деп аталатын алып жүйедегі трагикомедия барған сайын шиыршықталуда. Ал оның ішкі сыртқы бұтақтары мен арналарында қандай азалы сценарийлер ойналып жатқаны бір Аллаға ғана мәлім. Ақпараттық заманның арқасында ондай-ондай сұмдық жаңалықтарға тойып, кекірік атып отырған жайымыз бар. «Атып кетіпті», «шауып кетіпті», «ұрыпты», «сабапты», «зорлапты», «тонапты» – айта берсең, таусылмайды. Әйткенмен, осының бәрін естіп, біліп, көріп отырғанымызды «коммуникациялық технологияның кесірі» деп қатқыл сөйлеуге де итермелейді. Ғалымдардың зерттеуінше, қылмыскерлердің 80 пайызы – балалық шағында зорлық құрбаны болғандар. «Балаға деген қатал қарым-қатынас оның психикасына ауыр жарақат салып, келешегін тұмшалайды» деседі. «Жануарларға қатыгездік жасау – адамдарға да дәл солай жасау жолындағы алғашқы тәжірибе», – депті. Сөзінің жаны бар. Бұған, бір жағынан, «менікін қаласаң, ал» деп ұрандатқан теледидар мен ғаламторды қосыңыз. Ондағы қатыгездікті насихаттайтын өнімдер ағыны қауіп ойлатады. Адастырушы арналар мен ібіліс иектеген сайтардың гипнозына түскен қаншама баланың ертеңіне бейсаналық деңгейде балта шабылып жатыр десеңізші!
. Көрнекті ғалым Жерар Бернарден
“Қатал адамдардың психологиялық ауытқушылығы болады”-психологтар. “Қатал адамдардың психологиялық ауытқушылығы болады”-психологтар.
Қазіргі заман ойшылы Антоний Ходоровский
«ну орманда жақсы қасқырға кезіккен абзал ма, әлде қатыгез қоянға ма» деп сұрау тастапты. «Қасқырдың жайсаңы, қоянның қатыгезі болушы ма еді» деп өре түрегелерсіз. Алайда мұны сөздік экспрессия, символдық эпитет деп түсінген ләзім. Не десе де, бұл – оның аллегория арқылы қатыгездік дейтін әрекеттің қорқақтық пен әлсіздіктен, қорқыныштан күш алатынын астарлағаны. Н.Бердяев Н.Бердяев
Адамның қатыгездігі -жиіркенішті.
Өзінің ұрпағы, түп тамыры қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десе, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеу ең маңыздысы 1. Балаларды орынсыз еркелету. 2. «Не істесең оны істе,маған бәрібір» деп айту. 3. Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек,өйткені мен сенің ата-анаңмын»деп айту. 4. Егер сен мен қалағандай болмасаң,мен сені жақсы көрмеймін деп айту. 5. Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»- деп айту. 6. Балаңызды баршылыққа баулымау. 7. Балаңыздың ісіне, көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйің нашар болса, оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т.с.с. Қорытынды: Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! (Мұқағали Мақатаев)
Достарыңызбен бөлісу: |