Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет60/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

«Б»


Балажандылық қазақ халқы үшін болмыстағы бағажетпес байлық- ол бала, баланы қазақ халқы өмірімнің жалғасы, ұрпағын, ата кәсібін жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл де бөле білген. Қазақ халқы бала туралы өз пікірлерін : « Артыңда байлық қалғанша бала қалсын», «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын»-деп орынды бере білген.
Бауырмашылдық- «Адамның баласы бауырың » деп Абай атамыз айтқандай қазақ халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе бір-біріне туыс, бауыр болып шығады. Жалпы «ағайын» деген сөздің өзі туыс, рулас, кейде тұқымдас мағынасында айтылады. Ағайын деген сөздің арғы тегі «аға-іні» деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол ұшын беру, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейілділігімен, бауырмалдылығымен ерекшеленеді.
Бажа апалы-сіңлілі қыздарға үйленген адамдар.
Бақталастық бірін-бірі көре алмаушылық, іш тарлық.
Бақылдасу – о дүниелік болар алдында кісінің үй ішіндегілермен тілдесіп, артына өсиет қалдыруы.
Бақыт адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыт өмір мұратының іске асуының адам бойындағы эмоциялық көрінісі.
Балдыз әйелдің жасы кіші туысы.
Бастаңғы үлкендер жолаушылап кеткенде үйде қалған қыз- келіншектердің бас қосып, тамақ әзірлеп, құрбыларымен ойын-сауық құруы.
Бата-тілек игі тілек, алғыс.
Бауырына салу ағайынның баласын асырап алу.
Бәдік 1. Малға, адамға жұғатын індет, айналма. 2. Бәдік ауруына қарсы сиқыр, арбау нанымынан туған айтыс-өлең.
Бәйіт ораза кезінде айтылатын жарапазан сарынындағы өлең-жыр.
Бәс тігу бәстескен іске жүлде қою, серттесу
Бәсіре балаға арнап ен салынған қара мал.
Бейіш қасиетті саналатын өлген адамның рухының орналасатын жері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет