Ала жіпті аттамау – адал болу, біреудің нәрсесіне қол сұқпау.
Альянс- ортақ мақсаттарға жету үшінкелісім шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Ана тілі- халықтың асырлар бойы жинаған тәжірибесін жеткізетін органикалық механизм, тұлға үшін халықтың көп ғасырлық даналығына, оның мәдениеті мен болмыс дәстүріне қатысудың жалғыз жолы.
Атамекен- бабалардан жеткен, тағдырдың сыйы, әр адам үшін жалғыз, бірегей Отан.
«Ә»
Әдеп- игі әдетпен,өміршең әдет-ғұрыппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.
Әдептілік- белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, ол адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып саналады.
Әдептілік – ізетті, сыпайы, инабатты білдіретін қасиет.
Әдет-ғұрпы- белгілі ситуациядағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары.
Әдеп сақтау – адамдар арасындағы қарым-қатынас нормасын орындап жүру.
Әдет – жеке адамның қажетіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты әрекеті.
Әдет-ғұрып – дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп, салт-сана.
Әлеуметтану ғылымында отбасы- некеден және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ.
Әке тәрбиесі – әкенің ұл баласына үйрететін тәлім-тәрбиесінің жиынтығы.
Әмеңгер – жесір әйелдің күйеуінің орнын басуға құқылы қайнысы мен қайын ағасы.
Әңгүдік – даңғой, жарымес, делқұлы адам.
Әңгімелесу – ұстаз бен шәкірттің өзара пікірлесуі, ой бөлісуі. Бұл ертеде Сократтың әңгіме әдісінен, яғни ұстаз-ғалымның көпшілікпен алаңда халықпен пікірлесуінен шыққан.
Әулекі – өзін ұстай білмейтін, дарақы, даңғой адам.
Әулет дәстүрі – бір атаға жататын үрім-бұтақ, туыс адамдардың өздеріне тән мұралық дәстүрі.
Достарыңызбен бөлісу: |