Абысын– туыс ағайын адамдар әйелдерінің бір-біріне туыстық қатынасын білдіретін ұғым. Абысын-ажын– ағайынды адамдардың әйелдері.
Адамгершілік –қоғамдық өмірдің обьективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып
табылатын талапқа сай белгілі бір гуманисттік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс- әрекеттермен көзге түсіді.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшкліктерін есепке алу.Мысалы олардың білім деңгейін, саяси дайындығын, өмір тәжірибесін т.с.с есепке алу.
Адамтұлғасыныңбағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат- мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі, шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы- өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.
Алимент- балалардың ата-аналары ажырасқан болса , балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі-зайыптына бағып-қағу үшін төленетін ақша.
Алименттер- алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
Азаматтықхалактілері- адамның құқықтарымен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуна байланыстыоны дараландыратын заңдық рәсімделген мән- жайлар.
Азаматтық –адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым-қатынас және қарым-қатынас жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарынсанаулы, белсенді атқару құқығын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелердідәл орындау болып табылады.
Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғарғы басқышы, жаңа білімінің шығармашылығы, адамның жүріс-тұрысында және бүкіл өмірлікіс-әрекетте орындылықтың болуы. «Ақыл» атауы ойлау қабілетінің синонимі ретіндежиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқындыжәне нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.