Ақыл-ойтұжырымы– бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туындыпікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі. Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруы.
Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардаң мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
Ақыл-ойтәрбиесі– тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармашылық қабілеттерін мақсатқа сай
дамыту. Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама- қайшылықтарды шеешуге әрдайым бағытталып отырады.
Атрибуция-адамның жүріс-тұрыс себептерімен дәлелденген жеке қасиеттерін, мінезін, оның іс әрекетін кәдімгі талдау негізінде басқа адамға тапсыру.
Азаматтық- бұл әлеуметтенген тұлғаың кіріктірілген қасиеті, ол соңғыға қоғам және мемлекет дамуының түрлі деңгейлерінде саяси- құқықтық белсенділіктің пәрменді субьектісі және обьектісі болу мүмкіндігін береді.
Алименттер- алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси- қоғамдық қатынастардың негізгі субьектісі мен обьектісі.
Адам құқықтары-белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.
Азаматтық қоғам- жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар жәнет.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.