Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет53/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

Ән: «Әкешім, анашым».


2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани- адамгершілік бастауы.

  1. жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

  2. жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады

Сонымен, тәрбие шәкіртке ата-ана, оқу орны, өзін қоршаған орта арқылы беріледі. Сондықтан да мектеп пен отбасының үйлесімін табу өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына оң ықпалын тигізеді. Себебі, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде отбасы, ондағы ата-ананың рөлі әр кезде үлкен мүмкіндіктерге ие болған.
Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген даналығында айтылғандай, бала тәрбиесінде мұратымызға жету үшін, бәрінен бұрын, қай-қайсымыздың да қолымыздан келуге тиісті дұрыс ана дұрыс ата, дұрыс ұстаз, дұрыс азамат бола білуге көбірек көңіл бөлгеніміз жөн.
Ұлымыздың ұлт күйін білетін ұлағатты, қызымыздың салт сыйлайтын салауатты, ұрпағымыздың Отанын сүйетін нағыз азаматтары болуы үшін отбасы, мектеп, орта, қоғам бәріміздің күш біріктіруіміз қажет. Сондықтан ел тағдырында, бүгіні мен ертеңінде бағзы замандардағыдай отбасының алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Демек, дәстүріміздің алтын арқауын асыл қолдарынан шығармай ұстап, құнарын жоғалтпай сақтап, ұлт қадірі мен құдіретін ұғындыруды әр адамның қасиетті парызы ретінде
қазіргі қазақ қоғамында қалыптастыру, оның әлеуметтік-материалдық негізін жасау – маңызды мәселелердің бірі.
Адамзат қоғамының даму тарихында ғасырлар бойы қоғамды құрушы жеке адамдардың мінез-құлық жағынан пісіп-жетілуі, қалыптасуы әр заман, әр ұлт ойшылдарының санасынан терең орын алып, пікір-таласын тудырып келген. Жалпы, шығыс пен батыс гуманистерінің бәрі де «Дүниенің ең асылы, бағалысы – адам, ал оның бақыты– бала» деп білген. «Адам бақыты – бала» деген ғұлама ойшылдардың пікірін біздің қазақ былай тұжырымдайды: «Адам бақыты – бала, егер ол саналы болса». Сондықтан қазақ Құдайдан бала сұрағанда

«О, Құдай бала бер, Бала берсең – сана бер! Санасыз болса,


Қайта өзің ала бер» дегенінен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені – тарихи шындық. Ендеше, осы сарында бала тәрбиелеу ісін бүгінгі заман өзгерістеріне үйлестіре отырып, жалғастыру – біздің борышымыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет