Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет51/79
Дата06.09.2022
өлшемі462,66 Kb.
#148809
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79
Байланысты:
ibraimova-kazak-otbasy

1-жүргізуші: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

  1. оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

  2. оқушы: Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік.

  3. оқушы: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

  4. оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

  5. оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі.

  6. оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

  7. оқушы: Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.

  1. оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

  2. оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

  3. оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

  4. оқушы: Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

  5. оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық.

16-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер-білім берем десең басынан, Бер оқуға балалрды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

Ән: «Ана туралы жыр»


1-оқушы: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балаларына үлгі- өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді.
Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас»-деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы – Асқар тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

  1. оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі

  • бала тәрбиелеу.

  1. оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

  2. оқушы: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар–ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Бұл ғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

  3. оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

  4. оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім- бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері:

«Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағында өзіңді олар қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!

  1. оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудың белгісі деп білді. Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет