III – бөлім. «Шешімін тап». Сайыскерлерге «Бір келіншек жәнеотбасы» бейне көрініс ұсынылады. «Бақытсыз отбасының » себептерін анықтау
ІV–бөлім. «Көңілді жарыс»
А) Әкелер ләңгі тебу бір минут уақыт беріледі.
Б) Аналар «скакалка секіру » бір минут уақыт беріледі.
В) Балалар «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу екі минут беріледі.
Мұғалім:
Білем деме балам
Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам ,
дүниеде жоқ шығар. Көп білуге ұмтылған- Көз жұмғанша оқиды. Көз жұмғанша оқыған
Көп нәрсені тоқиды.-дей келе келесі тәлім-тәрбиесі мол сайысымызды бастаймыз.
Әділқазыларға сөз беріледі .
Атааналартуралыөлең тақпақтарайтылады. V–бөлім «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» ( ситуациялық сұрақтар)
Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте ….. деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы :
«Менің басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.
Ана мен математикадан есепті сіз шығарып берсеңізде екі алдым?Апай есеп дұрыс шығарылмаған деді.
Әке, ана мені ойнауға жібермей жатыр,сабағыңды оқы дейді. Мен оқи –оқи шаршадым,оқығым келмесе де миыма қонбайды.Айтыңызшы анама.
Әке, ана, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып беріңіздерші.
Ата-аналарға жоғарыда көрсетілгендей сұрақтар беріледі. Олар дұрыс жауап берулері тиіс.